• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 15:42:53
Алматы
+35°

05 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Төрт баланың анасы қазір Ақтөбедегі дағдарыс орталығында тұрып жатыр. Қатты қиналғанын айтқан келіншек тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Бұл туралы aktobenews.kz жазады.

«Әйелді желілік полиция қызметкерлері алып келді. Төрт баласы бар екен. Екі күн теміржол вокзалында түнеген. Теміржолдағы полиция қызметкерлері келіншекті ол жерден қуып жіберген.  Әйел «баратын жерім жоқ» деп қайтып келе берген. Үлкен баласы 6  сыныпта оқиды, кішісі төрт айлық. Қазір бізде тұрып жатыр. Жолдасы жұдырық жұмсаған соң, кетіп қалған. Әйел балаларымен баратын жер таппай қиналған»,—дейді «Малика» дағдарыс орталығының директоры Гүлбадан Даут.

Әкімдіктің қолдауымен ашылған дағдарыс орталығында тұрмыстық зорлық көрген 20-ға жуық келіншек тұрып жатыр.

«Бізге ешқандай жұмысы, құжаты жоқ келіншектер де келеді. Олардың балаларын балабақшаға, өздерін жұмыспен қамтамасыз етеміз. Біздің жұмысымызға әкімдік қызметкерлері көп қолдау көрсетеді», — дейді Гүлбадан Даут.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір