• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:58:39
Алматы
+35°

13 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Ақтөбеде «Жас Ақтөбе-2018» қайырымдылық балы өтті

Ақтөбеде ҚР Тәуелсіздігі қарсаңында жастардың «Жас Ақтөбе-2018» қайырымдылық балы өтті

Ақтөбеде ҚР Тәуелсіздігі қарсаңында жастардың «Жас Ақтөбе-2018» қайырымдылық балы өтті. Шараға еріктілер, ауыл жастары, жас кәсіпкерлер, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысты.

Облыстың үздік жастары марапатталды. Олар - әр салада еңбек етіп жатқан азаматтар. Тәуелсіздік күні қарсаңында жастар балы ұйымдастырылып, өңірдің көркеюіне үлес қосқандар алғыса бөленді.

"Әсем" лагерінде өткен шараға 500 ге жуық ақтөбелік жас жиналды.  Оркестр. Бойжеткендер сәнді көйлек кисе, жігіттердің үстінде  костюм. 32 жұп дөңгелене  вальс билеп, жиналғандардың көз қуанышына айналды.

Облыс әкімі Б.Сапарбаев 10 адамға әрқайсысына 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыстады. Олар-жас өнерпаздар, спортшылар, мұғалімдер, дәрігерлер, ең үздік жастар ісі жөніндегі комитеттер мен жас кәсіпкерлер, ерлігімен ерекшеленген азаматтар мен аудан тұрғындары да бар. Барлығы да мақтауға лайық.

Бал өңірдегі мемлекеттік жастар саясатына сүбелі үлес қосқан өскелең ұрпақ өкілдерін анықтап, оларды ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстанда мемлекет басшысы қамқорлығының арқасында жастар саясаты мәселелеріне зор көңіл бөлініп жатқанын атап өтті.

- Сіздер - біздің тәуелсіз еліміздің болашағысыздар және Қазақстанды жаңа белестер мен жетістіктерге жеткізетін де өздеріңіз. Президенттің бастамасымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды. Біздің облыста өскелең ұрпақ патриотизм рухында, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиеленуі үшін барлық жағдай жасалған. Біз сіздердің барлық бастамаларыңыз бен идеяларыңызды қолдауға әзірміз,-деді өңір басшысы.

Қаланың  қоғамдық-саяси өмірі мен жастар  саясатын жүзеге асыруға белсенді  атсалысқан жастардың қатарында "Ақтөбе" телеарнасының ең жас тілшісі Ерлан Мұқанов та бар. Ол "Жастар" бағдарламасының авторы.  Ерлан үшін бұл жүлде үлкен мотивация. Алға қойған жоспары көп.

Жастар ұйымдарының, жоғары  оқу  орындарының  жастар істері  жөніндегі комитеттерінің  өкілдері алғыс хаттармен және кәдесыйлармен марапатталды. Дипломмен ауылға бағдарламасының қатысушылары да бар. Олар туған ауылдарының көркеюіне атсалысып жүргендер. Біреуі-туған жерінде балабақша ашса, енді бірі республикалық және халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген таланттар.

Өңіріміздің әр төртінші тұрғыны - жас. Ақтөбеде еңбекші жастарға арналған жатақхана салынды. Жастар және оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Ашық аспан астында дене шынықтыруға арналған спорт алаңдары да бой көтеріп жатыр. Бүгінде Ақтөбе спорт алаңдары санынан республикада 5-орында тұр. "Әсем" лагерінің есігі үздік оқушылар үшін айқара ашық.  Жастық шақтың мүмкіндігі зор,-деді өңір басшысы.

Қайырымдылық бал аясында 1 млн.теңге қаржы жиналды. Бұл қаражат жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жолданбақ. Шараға Ақтөбе медициналық колледжі мен депутаттар қатысты. Жергілікті суретшілердің туындылары саудаға шығарылды. Сатылған картиналардан түскен қаржы мұқтаж жандарға табысталады. Облыстық жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға 1000 ға жуық ақтөбелік жас атсалысты.

Атап өтейік, 2016 жылы облыс әкімі шығармашыл және дарынды жастарды ынталандырып, айтулы еңбектерін елеу мақсатында «Жас-Ақтөбе» сыйлығын бекіткен болатын. Ол дәстүр бойынша жарқын өкілдерге түрлі аталымдарда беріледі. Осы жылы оған оқуда, жұмыста және шығармашылықта үздік нәтижеге жеткен он жас ие болды. 100 мың теңгенің сертификатын үздік жыл спортшысы атанған Мақсат Сәуірбаев, «Жыл дарыны» аталымының сыйлығы табыс етілген Қымбат Қуантаева, «Үздік ресурстық орталық» сыйлығын иеленген Байғанин ресурстық орталығы, «Үздік жастар ісі жөніндегі комитет» деп танылған Ақтөбе политехникалық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитеті алды. Кештің басты оқиғасы – М.Мәметова атындағы жоғары медициналық колледж студенттерінің 32 жұбының ағылшын вальсін орындауы болды. Сондай-ақ, шара аясында қайырымдылық аукционы ұйымдастырылып, ақтөбелік суретшілердің картиналары мен қолөнер жұмыстарының бұйымдары сатылды. Аукционнан түскен 1 млн теңге көлеміндегі қаражат ерекше қажеттіліктері бар жастар мен медициналық колледжде оқитын жетім балаларға берілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір