• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:15:56
Алматы
+35°

15 Қыркүйек, 2018 NEWS

Ақтөбеде орамал дауына қатысты үш тұрғын қамалды

Ақтөбе облысында билік жергілікті үш тұрғынды "мектеп тәртібіне сай киінбеген балаларын сабаққа күшпен кіргізбек болып, мұғалімдерге...

Ақтөбе облысында билік жергілікті үш тұрғынды "мектеп тәртібіне сай киінбеген балаларын сабаққа күшпен кіргізбек болып, мұғалімдерге қоқан-лоқы жасаған" деп айыптап, жауапқа тартқан деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттықтың дерегін негізге алып. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі xабарлады.

Қыркүйектің 14-і күні Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты қала тұрғындары Нұрәлі Шақкөзов, Медет Құдайбергенов пен Жәнібек Өтәлиевті әкімшілік қамауға алу туралы қаулы қабылдаған. Сот шешімі бойынша Шақкөзов үш тәулікке, Құдайбергенов пен Өтәлиев - бес тәулікке қамалған.

Бұл азаматтардың балалары Ақтөбедегі №31 мектепте оқиды. Мектеп директорының орынбасары Шолпан Жиенмурзинаның айтуынша, осы мектептің 13 оқушысы жаңа оқу жылы басталған күні сабаққа орамал тағып келген. Мұғалімдердің мектеп формасын сақтау туралы талабынан соң 9-сыныпта оқитын қыз бала ғана орамалын шешуге келісім берген.

"Өзге оқушылардың ата-аналары 3 қыркүйектен бастап күн сайын мектепке келіп шу шығарып, мұғалімдерге қоқан-лоқы көрсетті", - дейді Шолпан Жиенмурзина.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір