• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:32:16
Алматы
+35°

07 Қараша, 2018 Аймақтар

Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша алғашқы жарна төмендетілді

«Нұр Ақтөбедегі» таза әрлеудегі бір бөлмелі пәтердің бір шаршы метрінің құны 100 000 – 120 000 теңгені құрайды

Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында берген тапсырмасын орындауда Ақтөбе облысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй бағдарламасының алғашқы жарнасын 20 пайыздан 10 пайызға төмендету үшін тұрғын үй сертификаттарын беруді бастады.

Материалдық қолдауды баспана кезегінде тұрған ҚТҚЖБ салымшылары «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабындағы бір бөлмелі пәтерлерді сатып алу кезінде пайдалана алады.

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова ҚТҚЖБ салымшыларына тұрғын үй сертификаттарын беру, сонымен қатар, жалдамалы пәтерді сатып алу құқығымен ұсынуда серіктес болу туралы келісімге қол қойды.

- Біз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен Президенттің халықты баспанамен қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындауда белсенді жұмыс жасап жатырмыз. Серіктестікке мына дерек дәлел: бүгінде банктің ақтөбелік филиалында 90 мың адамның депозиті бар, олардың ішінде 20 мың адам жергілікті атқарушы органдарда баспана кезегінде тұрғандар. Бүгін біз бірден екі меморандумға қол қоя отыра өзара қарым қатынасты кеңейтеміз,- деді облыс әкімі.

Тұрғын үй сертификатын беру үшін облыс әкімдігі бірінші кезеңде 250 миллион теңге бөлді. Бұл қаражат банктің 500-ден аса салымшысының алғашқы жарнасын төмендетуге мүмкіндік береді деп күтілуде. 

Айта кетейік, «Нұр Ақтөбедегі» таза әрлеудегі бір бөлмелі пәтердің бір шаршы метрінің құны 100 000 – 120 000 теңгені құрайды. Пәтерлердің жалпы шаршы метрі - 32-54 шаршы метр. Салымшыда баспана құнының 10%-ы болу керек. Алғашқы жарнаның қалған 10%-ын әкімдік бюджеттен береді. Оны қарыз алушы бес жыл ішінде ай сайын 8 250 теңгеден қайтаратын болады. Пәтер құнының қалған бөлігін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жылдық мөлшерлемесі 5%-дық жеңілдетілген несиемен ұсынады.

- Ақтөбе облысы Президент Жолдауы аясында тұрғын үй сертификаты туралы меморандумға бүкіл өңірдің ішінде бірінші болып қол қойып жатыр. Бұл айлығы тіпті 60 мың болатын адамдарға да баспаналы болуға мүмкіндік береді. Әкімдік пен облыс әкіміне алғысымды білдіргім келеді. Ақтөбе облысы – белсенді өңірлердің бірі және несиелік баспананы сатып алуда да республика бойынша көш басында тұр,-деп атап өтті Ләззат Ибрагимова.

Бағдарламаға қатысу үшін өтініштер осы жылғы 6-9 қараша аралығында Халықтық кеңсе ғимаратында қабылданады. Негізгі критерий - жекеменшік құқығындағы баспананың болмауы және төлем қабілетін растау.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір