• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 11:23:07
+35°

28 Қаңтар, 2019 Оқиғалар

Ақтөбеде мектеп оқушысын өлтірген күдікті ұсталды

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында мектеп оқушысы аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды

Ақтөбеде мектеп оқушысы Мирасбек Дәулетияр пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалып, 2002 жылы туған тағы бір мектеп оқушысы өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында мектеп оқушысы аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.  Дәрігерлер қан көп кеткенін, өмірін сақтап қалу мүмкін болмағанын айтты. Ал бүгін облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«26 қаңтар күні аудандық ауруханаға 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатымен жеткізілді. Ол кеуде тұсынан алған жарақаттан сол күні көз жұмды. Күдікті ретінде Шалқар қаласының 17 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Қазір Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал қаза болған Мирасбек Дәулетияр оқыған мектеп директоры Алия Оспанованың айтуынша, оқиға 26 қаңтар күні сағат 19:00 шамасында болған. Шалқар көліндегі мұз айдынында оқушылар топ болып, төбелескен.

«Екі мектептің оқушылары арасында төбелес болған. Сөз көтере алмаған сияқты. №6 орта мектептің 10 сынып оқушысы қалтасындағы пышақты сұғып алған. Біздің мектептің оқушысы реанимациялық үстелде көз жұмды», - деді І.Үргенішбаев атындағы орта мектеп директоры Алия Оспанова. Қайтыс болған Мирасбек Дәулетияр бокспен шұғылданып, жүлделі орындардан көрініп жүрген. 

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір