• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:23:17
Алматы
+35°

01 Шілде, 2017 NEWS

Ақтөбеде көпбалалы ана тағы 4 бүлдіршінді қамқорлыққа алғысы келеді

Ақтөбе көпбалалы ана қамқорлық қайырымдылық Шашу отбасылық ұжымы Ақтөбеде 11 жетім баланы бауырына басқан Амангүл Ешпанова тағы 4 бүлдіршінді қамқорлыққа...

Ақтөбе көпбалалы ана қамқорлық қайырымдылық Шашу отбасылық ұжымы Ақтөбеде 11 жетім баланы бауырына басқан Амангүл Ешпанова тағы 4 бүлдіршінді қамқорлыққа алғысы келеді деп жазады 24.kz. Ол үшін үй-жайын кеңейтіп, қосымша бөлме салып жатыр. Жолдасы Өмірхан Жетесов екеуі балаларды өнерге баулып, отбасылық ансамбль құрған.«Шашу» отбасылық ұжымы талай байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды. Балалардың әрқайсының өз аспабы бар. Бірі дауылпазда, бірі баянда, енді бірі домбыраның құлағында ойнайды. Жасы кішілері шылдырмақты меңгеріп алған. Жаз мезгілінде ансамль құрамы толық болмайды. 2 бала EXPO көрмесіне кеткен, енді екеуі лагерде демалып жатыр. Дамир бұл отбасыға 5 жыл бұрын келген. «Анам кез келген проблеманы шешуге көмектеседі», – дейді ол.

Балалар үйінде ана мейрімінің жетпегенін айтады. Дамир Изибаев, оқушы: - Жақсымыз бір-бірімізбен. Жақсы сөйлесеміз. Бір-бірімізді қадірлейміз. Қандай қателікке ұшырасақ та қорғап жүреміз. Бауырларыма көмектесемін сабақ жазуға, есептерін шығаруға. Өнер саласында жүрген жұп Өмірхан мен Амангүл басында балалар үйіне демеушілік көрсетіп жүрген. Өздерінің 3 баласынан артылғанды сол жаққа таситын. Ойлана келе балаларды қамқорлыққа алуды шешеді. Басында 3 бала, кейін 8 баланы бауырларына басады. Содан бері 10 жылға жуықтады. Сырқат баланы емдетіп, аяғынан тұрғызды. Алды 23 жасқа толып, колледж тәмамдады. Амангүл Ешпанова, көп балалы ана: - Басты қағида – тәрбие, тәртіп. Өйткені олардың тәртібі дұрыс болмаса, біздің айтып отырған күнделікті сабақтарымыздың бәрін тоқи алмаса, тәрбиесі дұрыс болмаса, ол баладан не сұрауға болады? Ол мектепте де, жүрген ортасында , қай-қайда да жақсы болмайды. Сондықтан тек тәрбие мектебін беріп отырмыз. Балалар тәрбиемен бірге, өнерді де үйреніп жүр. Жетесовтер отбасылық ансамблінің аспаптарын жаңартуға және костюмдерін тіктіруге 2016 жылы бюджеттен қаражат бөлінген. Сол кезде біраз шаруамызды ыңғайлап алдық, – дейді олар. Енді үйді кеңейту үшін жаңадан үлкен бөлме салып жатыр. Отбасы көмек қолын созатындар табылса, қуанар едік дейді. Бөлмелерге жаңа жиһаз алып, жабдықтау үшін біраз қаражат керек.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір