• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:28:07
Алматы
+35°

07 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Ақтөбеде ғалымдар мен саясаттанушылар Елбасы мақаласын талқылады

Ақтөбеде танымал саясаттанушылар мен ғалымдар Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылады

Ақтөбеде танымал саясаттанушылар мен ғалымдар Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылады.

Ақтөбеде 300-ге тарта ғалым тарихшылар, этнографтар, археологтар, мәдениет қайраткерлері, қоғамдық ұйымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдері, кітапханашылар мен мұражай қызметкерлері қатысқан дөңгелек үстелде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қойған тапсырмаларын жүзеге асыру жолдары талқыланды.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев:

"Елбасының барлық мақалалары – өскелең, болашақ ұрпақ үшін ғибратты сөздерімен даналы. Соның ішінде, «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы біздің өткеніміздің ұлылығын тереңірек тануға, Қазақстанның әлемдік өркениет жүйесіндегі маңыздылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Облыста аталмыш мақаланың негізгі қырларын іске асыратын ұсыныстарды әзірлеу үшін ғалымдар мен ардагерлердің, қоғам қайраткерлерінің бірнеше ірі кездесулері өтті. Арнайы жұмыс тобы құрылды. Ақтөбеліктердің мақсаты – оны жүзеге асыру үшін барынша үлес қосу, - деп атап өтті.

Жиынды ашқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы ең алдымен жастарға бағытталғанын атап өтті.

- Сіздер Елбасының жас ұрпаққа қалай көп көңіл бөлетінін өздеріңіз де көріп жүрсіздер. Бес әлеуметтік бастама ең бірінші, жастарды қолдауға, яғни білім гранттарын арттыруға және бизнесті шағын несиелеуге, студенттер жатақханасын салуға бағытталған. «Ұлы даланың жеті қыры» да ең алдымен сіздерге арналған. Сіздер өздеріңіздің мақтануға тұрарлық және ұялуға еш негізі жоқ нағыз тарихыңызды білулеріңіз керек,-деді облыс әкімі студенттерге.

Тарихшы ғалым Дархан Қыдырәлі өз сөзінде тамырын жоғалтқан адамның жерде нық тұра алмайтындығын атап өтті.

- Жастық тез өтеді. Сондықтан, негізгі білімді бүгін алуларыңыз керек. Елбасы бағдарламалары сол үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Жерде одан да нық тұру үшін тамырларыңызды танып, жоғалтпаңыздар. Сіздерді бақытты азаматтар деп сенімді айта алам, өйткені Президент жастарға жан жақты даму үшін барлық мүмкіндіктерді беріп отыр. Бұл Ақтөбе мысалында айқын көрінеді - қала жыл сайын дамып келеді. Жастардың бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру үшін әдемі мекемелер ашылды. Соның ішінде осы Шығармашылық академиясы да бар,-деді ол.

Өңірге арнайы келген «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ басқарма төрағасы, Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры Асқар Умаров, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғали, қоғам қайраткері Айдос Сарым, «Қазақстан блогерлерінің альянсы» ҚБ төрағасы Ғалым Байтук мақала ережелерінің орындалуы туралы өз көзқарастарымен бөлісті.

 

Пікір-талас кезінде Ақтөбе облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы - «Ұлы даланың жеті қыры» атты

мақаладағы міндеттерді жүзеге асыру туралы жан-жақты пікір алмасты. Кездесу соңында қонақтар өңірде ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау және дәріптеу бойынша атқарылған жұмыстарға жоғары баға берді.

- Киелі жерлерді сақтап, дамыту үшін көп дүниелер жасалғанын көріп тұрмыз, әдемі мұражай салынған. «Анаға тағзым» рухани-өнегелік тәрбие беру орталығын ерекше атап өткім келеді. Өте дұрыс бағыт таңдалған, өйткені ұлт болашағы – аналардың қолында, - деді Халықаралық түркі академиясының вице-президент Асқар Умаров.

Күннің екінші жартысында қатысушылар Ақтөбе облысының жастарымен кездесті.

Шығармашылық академиясында өткен кездесуге өңірдегі жоғары және арнайы орта оқу орындарының 400-ден аса белсенді студенттері қатысты. Өңірге арнайы келген «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ басқарма төрағасы, Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры Асқар Умаров, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғали, қоғам қайраткері Айдос Сарым, «Қазақстан блогерлерінің альянсы» ҚБ төрағасы Ғалым Байтук мақала ережелерінің орындалуы туралы өз көзқарастарымен бөлісті.

Өз кезегінде, Ғалым Байтук «Ұлы даланың жеті қыры» - жастарға патриоттық тәрбиені қалыптастыратын адамгершілік негізі екенін атап өтті.

Ғалым Байтук: «Ақтөбе ең қызықты және қарқынды дамып келе жатқан қалалардың бірі. Бүгін мен мұражай, спорт орталықтары, «Анаға тағзым» орталығы сияқты бірнеше жаңа әлеуметтік нысандарды қарап шығып, Президент мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін мықты қор құрылғанын айта аламын. Сіздер ғасырлар бойы прогрестің қозғалтқышы болған жастар ретінде осы бірегей нысандарды патриотизмге негізделген идеяларыңызбен дамытуға көмектесулеріңіз керек. Патриот болыңыздар – солай ғана сіздер Отан үшін көп нәрсе істей аласыздар, өйткені патриотизм – бұл әрқашан ұмтылыс, қолдау және даму»,-деген сенімде.

Кездесу студенттердің сұрақтарымен аяқталды. Жастарды Қазақстандағы киелі жерлердің әрі қарайғы зерттелуі, БАҚ-тың электронды форматқа көшуі, латын әліпбиін енгізудің қазіргі жағдайы және т.б. қызықтырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір