Ақтөбеде «Анаға тағзым» орталығы ашылды

Ақтөбеде «Анаға тағзым» орталығы ашылды
Ⓒqamshy.kz

Ақтөбе шаһарында «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы ашылды.

Салтанатты рәсімге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген белгілі тұлғалар, атап айтсақ, әнші, Қазақ КСР және КСРО халық артисі Бибігүл Төлегенова, Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген агрономы Вера Сидорова,жазушы, қоғам қайраткері Алтыншаш Жағанова, ақын, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марфуға Айтқожина, Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова, Әбіш Кекілбаевтың зайыбы Клара Жұмабаева қатысты.

Шарада облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жиналған жұртшылықты жаңа орталықтың ашылуымен құттықтады.

-Қазақта «Анаңды Меккеге арқалап апарсаң да, оның алдындағы борышыңды өтей алмайсың» деген сөз бар. Сондықтан біз, бәріміз, ана алдында басымызды иеміз, оларды мәңгі құрметтейміз. Бүгінгі ашылып отырған ғимарат — ақтөбеліктердің аналар алдындағы борыштарын өтеуге деген шынайы тілегі мен ниетінің көрінісі. Біздің мақсатымыз — тарихта өнегелі өмір сүрген, бүгінгі күні еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан аналарға құрмет көрсету, оларға тағзым ету, ананың адам өміріндегі орны ерекше екенін, ананың сүтімен біздің бойымызға қандай қасиеттер даритынын насихаттау, облыстағы қыз-келіншектерімізді сол батыр, дана аналарымыздың өнегелі өмірінен үлгі алуға шақыру. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жариялағандағы ең негізгі мақсаты — ұлттық құндылықтарымызды сақтау, ұлықтау, өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына қазақтың салт-дәстүрлерін, үрдістерін сіңіру. Сондықтан бүгінгі ашылып отырған орталықта біздің жастарымыз қазіргі заманның талабына сай озық үлгілерді үйреніп, абзал аналарымыздың өмірінен өнеге алып, абыройлы, білімді, иманды болып өсетініне сенеміз.

Барлық ақтөбеліктердің атынан Бибігүл Ахметқызы бастап келген аналарымызға, апаларымызға көп рақмет айтамын. Сондай-ақ облыс басшылығы атынан осы ғимараттың салынуына демеушілік көрсеткен барлық кәсіпкерлерге ризашылығымды білдіремін. Ақтөбеде бой көтеріп жатқан орталықтар, зәулім ғимараттар осы демеушілердің, кәсіпорындардың, кәсіпкерлердің қаржысына салынып жатыр. Ең негізгісі, бәрімізге ортақ бүгінгі қуаныш құтты болсын! Барлық аналарымыз, қыз-келіншектеріміз аман болсын! Қазақ елінің абыройы арта берсін! — деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Содан соң жазушы, қоғам қайраткері Алтыншаш Жағанова жиналғандарға жылы лебізін білдірді.

-Халқымның алтын ұл-қыздарынан айналайын! Олардың осындай жасаған бастамасына, игілікті ісіне мың да бір рақмет! Мұндай ғимаратты мен әлемде кездестірген жоқпын. Бұл — бүкіл дүниежүзіне тарататындай

керемет дүние. Бұл аналардың ғана орталығы емес, өсіп келе жатқан ұл-қыздарымызға тәрбие беретін, ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын орталық деп санаймын. Сондықтан осы игілікті істі жасаған азаматтарға мың алғыс! Осы бастаманың қасиетті Ақтөбе жерінен басталып отырғанының өзінде үлкен мән бар. Бұл өмірде анадан артық қасиетті ештеңе жоқ! Сондықтан ендігі уақытта әр азамат өз анасын есіне алып, тағзым етуі үшін осы орталыққа келуі керек. Мен облыс әкімі Бердібек Машбекұлына осы идеясы үшін, сондай-ақ оны қолдап, ғимараттың салынуына үлес қосқан іскер азаматтарға ерекше рақметімді айтамын. Ұзақ, бақытты өмір сүрсін деп тілеймін! — деді ол.

Салтанатты шарада әнші, Қазақ КСР және КСРО халық артисі Бибігүл Төлегенова, Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген агрономы Вера Сидорова, ақын, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марфуға Айтқожина, Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова жаңа орталықтың лентасын қиып, облыс әкімі бастаған құрметті қонақтар орталықты аралады.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Елбасы мәлімдеме жасады: Үкімет отставкаға кетуі керек
    21/02 19:21 0 1812
    2
    16 жастағы жасөспірім ата-анасының рұқсатынсыз түсік жасата ала ма?
    21/02 17:48 0 260
    3
    "Тіл тас жарады..." Ауруға душар ететін жаман сөздер хақында
    21/02 16:54 0 648
    Өзбекстан атынан ән салып жүрген қазақ қызы елге қалай оралды?
    21/02 16:39 0 1779
    Пиджагі 500 теңге екен. Ух, қуанғаным-ай!
    21/02 16:28 0 1928

    Таныстырылғандар

    Хиджабтағы мұз ханшайымы – Захра Лари
    Хиджабтағы мұз ханшайымы – Захра Лари
    Хиджабтағы мұз ханшайымы – Захра Лари
    Әлемге "Хиджабтағы мұз ханшайымы" ретінде танымал болған Захра Лари кім?
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 09:33 0 2965
    "Көп балалы аналардың қолына қаржы беріп, бизнеске баулу керек..."
    "Көп балалы аналардың қолына қаржы беріп, бизнеске баулу керек..."
    "Көп балалы аналардың қолына қаржы беріп, бизнеске баулу керек..."
    Қазір елде көп балалы аналар мәселесі қызу талқыға түсіп жатқан кез
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 09:31 0 1297
    Ақтауда балабақша директоры тәрбиешіні қанжоса етіп сабап тастады
    Ақтауда балабақша директоры тәрбиешіні қанжоса етіп сабап тастады
    Ақтауда балабақша директоры тәрбиешіні қанжоса етіп сабап тастады
    Ақтауда балабақша директоры тәрбиешіні қанжоса етіп сабады
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 16:45 0 4825
    Толық емес отбасы мен жалғызбасты аналардың құқықтары қандай?
    Толық емес отбасы мен жалғызбасты аналардың құқықтары қандай?
    Толық емес отбасы мен жалғызбасты аналардың құқықтары қандай?
    Бүгінде мемлекет тарапынан толық емес отбасыларға да, жалғызбасты аналарға да ешқандай ақшалай көмек берілмейді.
    Аудио тыңдау
    18/02/2019 11:48 1 1273
    Құран – Ислам дініндегі негізгі киелі кітап
    Құран – Ислам дініндегі негізгі киелі кітап
    Құран – Ислам дініндегі негізгі киелі кітап
    Ұлттық музейдің қорында сондай-ақ, сирек кітаптар мен құнды қолжазбалар сақтаулы
    18/02/2019 15:10 0 362
    Табиғаттың терең тылсымын көрсететін ерекше 28 сурет
    Табиғаттың терең тылсымын көрсететін ерекше 28 сурет
    Табиғаттың терең тылсымын көрсететін ерекше 28 сурет
    Кейбіреуін көргеннен-ақ жүрегің дір етеді. Табиғи құылыс екендігіне қарамастан, кейбіреуінің сұлулығы сонша, құдды, сурет дерсің.
    Аудио тыңдау
    18/02/2019 16:43 0 457
    13 жастағы Бақытжан өртеніп жатқан үйден 2 баланы қалай құтқарғанын айтты
    13 жастағы Бақытжан өртеніп жатқан үйден 2 баланы қалай құтқарғанын айтты
    13 жастағы Бақытжан өртеніп жатқан үйден 2 баланы қалай құтқарғанын айтты
    Бүгінде сегізінші сыныпта оқитын бала отқа оранған үйге кірген кезде қорқуға уақыт болған жоқ дейді. Өйткені ...
    Аудио тыңдау
    19/02/2019 08:38 0 189
    Маскүнемді әулие еткен бір ауыз сөз
    Маскүнемді әулие еткен бір ауыз сөз
    Маскүнемді әулие еткен бір ауыз сөз
    Ақиқат жолын табанды ұстануының арқасында бара-бара әулие кісілердің қатарына қосылды.
    Аудио тыңдау
    19/02/2019 16:30 0 2429
    Қос қарындасын жауыздықпен өлтірген жігіттің қылмысы бірнеше жылдан соң ашылды
    Қос қарындасын жауыздықпен өлтірген жігіттің қылмысы бірнеше жылдан соң ашылды
    Қос қарындасын жауыздықпен өлтірген жігіттің қылмысы бірнеше жылдан соң ашылды
    Қарындасын жек көретін 16 жастағы бозбала одан құтылудың жолын іздеп, ақыры өлтіріп тынады.
    Аудио тыңдау
    19/02/2019 17:27 1 5624
    Абаев жыны келген әріптесіне: Еш уақытта ашуланбау керек
    Абаев жыны келген әріптесіне: Еш уақытта ашуланбау керек
    Абаев жыны келген әріптесіне: Еш уақытта ашуланбау керек
    Вице-министрден тариф туралы сұраған телеарна тілшісі "бұл басқа шара, жынымды келтірмеңізші" деген жауап алды
    Аудио тыңдау
    19/02/2019 17:43 0 485
    Мақтааралда әлеуметтік  медициналық сақтандыру жүйесіндегі  өзгерістер туралы семинар  өтті
    Мақтааралда әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер туралы семинар өтті
    Мақтааралда әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер туралы семинар өтті
    Мақтаарал ауданында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер туралы семинар өтті.
    Аудио тыңдау
    20/02/2019 10:56 0 152
    Бауыржан Байбек: Полицейлер жайдан-жай пара алмайды...
    Бауыржан Байбек: Полицейлер жайдан-жай пара алмайды...
    Бауыржан Байбек: Полицейлер жайдан-жай пара алмайды...
    Сондықтан қазіргі полиция қызметкерлері барынша сақ болуға тырысып жүр
    Аудио тыңдау
    20/02/2019 13:02 0 611
    Алматы әкімі: Таза ауа қажет болса, ластамаңыздар!
    Алматы әкімі: Таза ауа қажет болса, ластамаңыздар!
    Алматы әкімі: Таза ауа қажет болса, ластамаңыздар!
    Алматы әкімі Бауыржан Байбек есеп беру жиыны кезінде қала тұрғындарының лас ауа туралы сауалдарына жауап берді
    Аудио тыңдау
    20/02/2019 13:24 0 275
    Ай қараңғы, таң жарық (эссе)
    Ай қараңғы, таң жарық (эссе)
    Ай қараңғы, таң жарық (эссе)
    Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсе көтерген Қазақ қауымы ошақтың үш бұтындай үштік бірлікті берік ұстанған: Әке, Ана, Бала; Жан, Мал, Жар; Ақыл, Жүрек, Тіл.
    Аудио тыңдау
    21/02/2019 10:49 1 206
    Азаматхан Әміртай: "Жасыл әлем" партиясы агрессиялық саясат ұстанбайды
    Азаматхан Әміртай: "Жасыл әлем" партиясы агрессиялық саясат ұстанбайды
    Азаматхан Әміртай: "Жасыл әлем" партиясы агрессиялық саясат ұстанбайды
    Табиғатты қорғау– бұл адамзатты қорғау.  Бұл – жасылдар партиясының басты ұстанымы.
    19/02/2019 19:55 0 43