• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:17:26
Алматы
+35°

29 Тамыз, 2018 Аймақтар

Ақтөбеде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жолға қойылды

Ақтөбе қаласында кәсіпкерлердің «Жаңа тренд ретіндегі әлеуметтік кәсіпкерлік» тақырыбында тегін семинар-кеңес өтті

Ақтөбе қаласында кәсіпкерлердің «Жаңа тренд ретіндегі әлеуметтік кәсіпкерлік» тақырыбында тегін семинар-кеңес өтті. Шараны облыстық кәсіпкерлік басқармасы Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Оқу-семинардың мақсаты — жеке тұлғалардың өз әлеуметтік жобасын әзірлеуді, кәсіпкерлік дағдыларын дамытуды, сондай-ақ қоғамдағы маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған идеяларды қолдауға ниет білдіргендерді оқыту. Әлеуметтік кәсіпкер, тәжірибелі тренер Эмин Әскеровтің айтуынша, бүгінгі күнге дейін 500-ден астам адамды аталмыш саланы игеру жолында оқытқанын айтады. Ал өзі игеріп отырған кәсібінде 32 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қарамағындағы жұмысшылары түрлі диагноздарға шалдыққан кемістігі бар адамдар. Арасында жазасын өтеп шыққандары да бар. Оқу-семинарға келгендердің дені өз кәсібін бастағандар. Семинарға қатысушылар «әлеуметтік-бағдарлы жобаны қалай құру керек және қалай табысқа жетуге болады?» деген секілді сұрақтарға жауап алды.

— Әлеуметтік кәсіпкерлік — елімізде жаңадан игеріліп, қолға алынып келе жатқан сала. Бұл саланы әрі қарай игеріп, жұмысын бастап кетуге ақтөбеліктердің мүмкіндігі зор. Өйткені облыс әкімдігі бұны қолдайды. Бұл бізді қуантады, — дейді Эмин Әскеров.

Оқу-семинарына келгендердің бірі — Серғазы Қорғанбеков. Бүгінде «Құламан» шаруа қожалығын басқарып отырған зейнеткердің негізгі мамандығы — дәрігер. Семинарға келудегі басты мақсаты да медицина саласына қатысты. Айтуынша, Ақтөбеде инновациялық офтальмо-педиатриялық орталық ашқысы келеді.

— Менің көптен бері ойлап жүрген ойым — осы. Қаламызда балалардың көздерін қарататын арнайы инновациялық технологиялармен жабдықталған орталық ашылғанын қалаймын. Қызым — дәрігер, медицина ғылымдарының докторы. Бүгінде Алматы қаласында еңбек етіп жатыр. Егерде осы жобаны қолға алып, ісім жүріп жатса, ол өзінің туған қаласына келуге дайын. Менде маман да, ғимарат та бар. Тек аталған орталыққа құрал-жабдықтар алу үшін қалай грантқа қол жеткізуге болады, жалпы бизнесті қалай ұйымдастыру қажет деген секілді сұрақтарға жауап алып, бизнес идеологиясын ұғыну үшін бүгінгі семинарға келдім. Бүгінгі семинар кез келген өз кәсібін бастаймын дегендер үшін таптырмас мүмкіндік алаңы болды, — дейді Серғазы Қорғанбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір