• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:40:11
Алматы
+35°

13 Қаңтар, 2018 Аймақтар

Ақтөбеде 1 жастағы сәби анасының кесірінен зағип болып қалды

4 баланы өсіріп отырған жалғызбасты ана ата-ана құқығынан айырылды

Ақтөбеде 1 жастағы сәби анасының кесірінен зағип болып қалды. Енді асқынып келе жатқан аурудың алдын алмағандықтан, сәби жарық дүниені өз көздерімен көру мүмкіндігінен айырылды.  Бұл жағдай туралы өткен жылдың соңында белгілі болған. 4 баланы өсіріп отырған жалғызбасты ана ата-ана құқығынан айырылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ASTANA TV мәліметіне сүйеніп. 

Полиция қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, сәбидің анасы ішімдік ішкен және балаларына қарамаған. 29 жастағы ақтөбелік әйел адам денсаулығына зиян келтіргені үшін айыпталып отыр. Әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, әйел мас күйінде 1 жастағы баласының көзіне белгісіз сұйықтық тамызған. Ал сараптама нәтижесі сәбидің зағип болып қалуы аурудың асқынғанынан деп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір