• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:55:01
Алматы
+35°

23 Шілде, 2018 Аймақтар

Ақтөбе қаласының орталығында жаяу жүргіншілер аймағы пайда болады

«Қала адамдар үшін» тұжырымдамасын әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды

21 шілде күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер құрылысының жобасымен танысты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

       Атап өтейік, аймақ басшысының тапсырмасы бойынша «Қала адамдар үшін» тұжырымдамасын әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды, оның бағыттарының бірі «Қоршауы жоқ қала». Жобаның бірінші кезеңінде жаяу жүргіншілер аймағын Ә.Молдағұлова даңғылынан Әбілқайыр хан даңғылы бойымен облыс әкімдігінен әрі қарай Абай бульварына жалғастыру жоспарланып отыр.

Әбілхайыр хан даңғылы

Атап айтқанда, жобада көшені жөндеу және абаттандыру, орындықтар орнату, жасыл кеңістік, авторлық шағын сәулет нысандары, құрғақ фонтандар, жарық шамдар орнату, ойын және спорт алаңдарын салуды қамтиды.

- Болашақта жақсы жабдықталған жаяу жүргіншілер аймағы қала тұрғындары мен қонақтарына демалу үшін ыңғайлы орын болады, - деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ қала әкімі Ілияс Испанов жобаның әлеуметтік маңыздылығы туралы жоспарланған жүргіншілер аймағының аумағындағы ғимараттар иелерімен насихаттау жұмыстары жүргізілгендігі туралы баяндады. 

Атап өту керек, жоба Астана және Алматы қалаларының  тәжірибесін ескере отырып, осындай жаяу жүргіншілер аймақтарын құру азаматтардың оң қолдауларының нәтижесінде жүзеге асырылатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір