• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:00:18
+35°

14 Қыркүйек, 2018 NEWS

Ақтөбе қаласының наиб-имамы жаяу жүргіншіні қағып кетті

7 қыркүйек күні Ақтөбеде наиб-имам әйел адамды жаяу жүргіншілер жолағында қағып кетті

7 қыркүйек күні Ақтөбеде наиб-имам әйел адамды жаяу жүргіншілер жолағында қағып кетті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Aktobetimes.kz сайтының дерегін негізге алып. 

«7 қыркүйек күні Актобе-Орск автожолындағы жаяу жүргіншілер жолағында 30 жастағы «Лада-Гранта» автокөлігінің жүргізушісі 57-дегі әйелді қағып кетті. Алған жарақатынан әйел ауруханада көз жұмды», – дейді Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Полицейлер бұдан басқа мәлімет бермей отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал көршілері оқиғаны былай баяндайды:

«Ол әйелмен Комсомол ауданында бірге тұрғанмын. Кейін Ақтөбеге көшіп кеткен. Жақсы араласып едік. Обал болды. Оны ескі мешіт имамының орынбасары қағып кеткен. Жерлеу рәсіміне кететін шығынды өздері көтеріп жатыр екен», – дейді марқұмның ескі танысы.

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір