• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:53:18
Алматы
+35°

27 Наурыз, 2019 NEWS

АҚШ XXI ғасырда айға ұшатын тұңғыш держава атанбақ

Бұған дейін АҚШ айға ұшу туралы жоспарды 2028 жылға жоспарлаған болатын.

АҚШ президенті Дональд Трамп НАСА-ға «кез-келген жолмен астронавтарды алдағы бес жылда Айға жіберуге» нұсқау берді, - деді вице-президент Майк Пэнс. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасай  отырып хабарлайды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазіргі әкімшілік пен Америка Құрама Штаттарының мақсаты американдық астронавттарды келесі бес жыл ішінде Айға жіберу керек». - деді Пенс АҚШ Ұлттық ғарыш кеңесінің жиынында.

Ұлттық ғарыш кеңесін, американдық ғарыштық саясатты басқаратын Пэмптың айтуынша, Трэпп NASA мен оның жетекшісі Джим Брайденштейнге кез-келген тәсілмен айға ұшуға АҚШ Президенті барлық мүмкіндікті жасап отыр. Сондай-ақ вице-президент Американы XXI ғасырда тұңғыш айға ұшатын держава болатындығын мәлімдеді. 

Бұған дейін АҚШ айға ұшу туралы жоспарды 2028 жылға жоспарлаған болатын.

Аударған: Фариза Жомартқызы

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір