• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:42:56
Алматы
+35°

15 Тамыз, 2017 Саясат

АҚШ вице-президенті: Венесуэладағы дағдарыс америкалықтар үшін аса қауіпті

Пенстің айтуынша, Венесуэладағы саяси ахуал америка халқының қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді.

АҚШ вице-президенті Майк Пенс Венесуэладағы демократияның қайта қалпына келуі үшін Құрама Штаттар экономикалық және дипломатиялық шараларды қабылдауға дайын екенін мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Пенстің айтуынша, елдегі саяси ахуал Америка халқының қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді.

Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэлаға әскери араласу жөнінде ескерту жасаған. Каракас мұны: «Дұшпандықтың ең сорақы акті» деп атаған.

Айта кетейік, Венесуэлада әлеуметтік-экономикалық дағдарыс пен халық толқуы жалғасып келеді. Ел президенті Николас Мадуроның үкіметі жаңа Конституциялық ассамблея құрған. Бұл заңнаманың негізінде парламентті мойындамау жатыр. Айға жалғасқан төңкерістің салдарынан 120-ға жуық адам қаза тапты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір