• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:08:54
Алматы
+35°

01 Тамыз, 2017 Саясат

АҚШ-тың Венесуэла саясатына араласуы жөнінде әлемдік сарапшылар не дейді?

Мемлекеттік дума депутаты Михаил Емельянов АҚШ-тың Венесуэла саясатына араласу ниетін айыптады.

Мемлекеттік дума депутаты Михаил Емельянов АҚШ-тың Венесуэла саясатына араласу ниетін айыптады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жексенбі күні Венесуэлада Ұлттық құрылтай отырысында дауыс беру өткен болатын. Отырыс мақсаты – елдегі Конституцияны өзгерту. Аталмыш ұйым Венесуэла президенті Николас Мадуроның бастауымен құрылған. Алайда оппозиция дауыс беруді мойындамай, құрылтай отырысының референдумнан кейін болуы керек екенін ескертті. Дауыс беруге наразылық білдірушілердің қарасы көп болды, тіпті процесс барысында бірнеше адамдар зардап шеккен. Сенбі және жексенбі күндерінің өзінде 16 адамға жуығы қаза тапқан, деп мәлімдеген еді депутат Энри Рамос.

Венесуэладағы құрылтай отырысынан кейін АҚШ президенті Николас Мадуроға қарсы санкциялар енгізген. Венесуэла билігінің «демократияға нұқсан келтіргені» үшін Мадуроның АҚШ-тағы құзыреттілігі бұғатталып, АҚШ азаматтарына Венесуэла билігімен бірігіп жұмыс істеуге тыйым салынған. Сондай-ақ АҚШ президенті Мадуроны «өз еліндегі билікті жаулап алған диктатор» деп атап кеткен.

«Менің ойымша, санкциялар Венесуэладағы жағдайға әсерін тигізе қоймайды. Алайда, АҚШ-тың елдің ішкі саясатына араласуы кері әсерін тигізуі мүмкін», - деді Емильянов тілшілерге берген сұхбатында.

Оның сөздеріне қарағанда, Венесуэлада оппозициялық сценарий бойынша «күлгін» революция ұйымдастырылып жатыр.

Сонымен қоса, Емильянов елдегі чавистердің үлкен қолдауға ие екенін ескерді. «Венесуэланың экс-президенті Уго Чавес қарапайым халық үшін көп жақсылық жасады, халық мұны ұмытпайды. Олар өз билігін қорғайды деген сенімдемін», - деді депутат.

Сондай-ақ, Венесуэла әскерінің де Чавесті қолдайтынын айтып, оппозиция жүргізбек болған «революция» елдің мүддесінен алшақ екенін мәлім етті.

«Менің ойымша, Ресей де Венесуэла билігін қолдайды», - деді парламент өкілі.

Айта кетейік, АҚШ Конгресі Ресейге қарсы санкциялар енгізген. Ресей санкцияға жауап ретінде АҚШ-тың Ресейдегі дипломаттарының санын қысқартқаны хабарланған.

Ал ресейлік сарапшы Дмитрий Бурых АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы санкциялар енгізгеніне қарамастан мұнай саласы бойынша серіктестіктің үзілмейтінін айтты.

«АҚШ-тың мұнай өндіру зауыттарының 90%-ы венесуэлалық сапалы шикізаттан тұрады. Сол себепті АҚШ Венесуэламен мұнай серіктестігін үзбейді», - деп мәлімдеді Бурых.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір