• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:36:59
Алматы
+35°

26 Қаңтар, 2019 Оқиғалар

АҚШ-та ұсталған қазақстандық қыз қандай қылмыс жасаған?

АҚШ полициясы Қазақстан азаматын алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады

АҚШ полициясы Қазақстан азаматын алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ktk.kz сайтының дерегін негізге алып.

24 жастағы Махаббат Әбдуалиева өзін риэлтор ретінде таныстырып, Нью-Йоркте пәтер жалдауға көмектесемін деп бірнеше адамның ақшасын жымқырып кеткен.

АҚШ ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, Махаббат 24 қаңтар күні ұсталған. Онымен бірге тағы бір ер адамның күдікке ілінгені айтылады. Бірақ, ол әлі табылмаған. 

Дерек көздерге сүйенсек, жерлесіміз әлеуметтік желіде өзін жылжымайтын мүлік риэлторы, яғни, жалға берілетін пәтер тауып берумен айналысатын адам ретінде таныстырған. Сөйтіп, былтыр жұрттан алдын ала төлем ретінде ақша алып, тақырға отырғызыпты. Клиенттерден 200 бен 700 доллар аралығында алып отырған дейді.

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Астанадан екені, АҚШ пен Малайзияның мықты жоғары оқу орындарын бітіргенін жазып қойыпты. Қалған мәліметтердің анық-қанығын Қазақстанның Нью-Йорктегі консулдығы анықтап жатыр.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір