• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:19:34
Алматы
+35°

30 Қыркүйек, 2018 Әлем

АҚШ-та теракт жасаған өзбек азаматы өлім жазасына кесілуі мүмкін

Америкалық прокурорлар Нью-Йоркте террорлық шабуыл жасады деп айыпталған 30 жастағы Өзбекстан азаматы Сайфулло Саиповты өлім...

Америкалық прокурорлар Нью-Йоркте террорлық шабуыл жасады деп айыпталған 30 жастағы Өзбекстан азаматы Сайфулло Саиповты өлім жазасына кесуді сұрады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-тың дерегін негізге алып. 

Айыптаушылар егер Саиповтың кінәсі толығымен дәлелденсе, өлім жазасы әділ үкім болады деп есептейді. 

Еске салсақ, 2017 жылы қазан айында Сайфулло Саипов велосипед жүретін жолда бір топ адамды жалға алған жүк көлігімен қағып өткен. Сегіз адам қаза тауып, 12 адам зардап шекті. Полиция бұл оқиғаны теракт деп атады.

Саиповті ұстаған кезде, одан "Шабуылды "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымының атынан жасадым" деген хат табылған. Бұл ұйым террорлық әрекетті біз жасадық деп мойындарына алған.

АҚШ президенті Дональд Трамп та Сайфулло Саиповты өлім жазасына кесуді талап еткен.

Саипов АҚШ-қа 2010 жылы грин-картасын ұтып алып барған. Бұл елде оның үш баласы мен әйелі тұрып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір