• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:40:17
Алматы
+35°

30 Тамыз, 2018 NEWS

Диас Қадірбаев жақын арада Қазақстанға жеткізіледі. Қазақстандық Диас АҚШ-тың иммиграциялық және кедендік полиция қызметкерлерінің қарауында, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі The Boston Globe-қа сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, Бостондағы марафон кезінде жарылыс ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған Азамат Тажаяқов пен Диас Қадірбаевқа айғақтарды жоюға әрекеттеніп, тергеу амалдарына бөгет жасады деген айып тағылған. Тергеу деректеріне қарағанда, теракттан үш күн өткеннен кейін олар Царнаевтың ноутбугі мен ператехникалары бар сөмкені лақтырып жіберген. Болжам бойынша, олар жаңалықтардан Царнаевтың суретін көріп, оның терактқа қатысы бар екенін түсінген соң қолдарындағы айғақтардан құтылуға кіріскен. Кейін ол сөмке қоқыс жәшігінен табылды. Нәтижесінде Диас Қадырбаев алты жылға, Азамат Тажаяқов 3,5 жылға бас бостандығынан айырылған. 

2016 жылы Азамат Тажаяқов Қазақстанға оралған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір