• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:14:31
+35°

21 Ақпан, 2017 Саясат

АҚШ-та бұрын-соңды болмаған қуғын-сүргін басталды

АҚШ-та 100-ден аса жұмысшы «Иммигранттарсыз өткен бір күн» атты акция өткізіп, сол үшін жұмыстан қуылды деп хабарлайды

АҚШ-та 100-ден аса жұмысшы «Иммигранттарсыз өткен бір күн» атты акция өткізіп, сол үшін жұмыстан қуылды деп хабарлайды bbc.com.

Акцияны ұйымдастырушылар иммигранттарды бір күн үйінде қалып, жұмысқа шықпай, дүкен, кафелерге бармай, балаларын да мектепке жібермеуге шақырды. Оның мақсаты АҚШ үшін иммигранттардың маңыздылығын түсіндіру.

Джим Серовский Коммерс-Ситиде JVS Masonry құрылыс компаниясының негізін қалаған кәсіпкер. Ол Си-эн-эн-ге берген сұхбатында жұмысқа келмеген прораб пен  30-ға жуық тас қалаушыны ешбір өкінішсіз жұмыстан шығарып тастағанын айтқан.

Серовский алдын-ала жұмысқа шықпағаны үшін жұмыстан шығаратынын ескерткен.

Талса қаласында 12 адам жұмыстан шығып қалған. Бұлар АҚШ-қа Латын Америкасынан келген жергілікті мейрамханаларда жұмыс істейтіндер.

Теннесидегі Ноленсвилльде ғимаратты сырлаумен айналысатын 18-ге жуық адам жұмыстан шығып қалды.

Акция өткен күні АҚШ-тың көптеген ірі қалаларында ондаған дүкендер, кафе, мейрамханалар ашылмаған. Тіпті Вашингтондағы бірнеше кофейнялар жұмыс істемеген.  

Көптеген кәсіп иелері әсіресе АҚШ-тан тыс аймақта туылғандар өз қызметкерлеріне жұмысқа шықпауына рұқсат берген.

Акцияға қатысушылар Дональд Трамптың қаңтар айында иммигранттар туралы бұйрығына өз қарсылықтарын білдірді. Бұл құжат арқылы АҚШ президенті 7 мұсылман елдерінің азаматтарына елге кіруін шектеген.

 

Сиэтлдегі Федералды сот (Вашингтон) бұйрықты тоқтата  тұрған. Әділет Министрлігі бұл шешімді өзгертуге тырысуда.

Өткен аптада Трамп пресс-конференцияда иммигранттардың елге кіруін шектейтін жаңа бұйрыққа қол қоятынын айтқан. Ассошийэтед пресстің мәліметінше, онда Ақ үйдің Иран, Ирак, Сирия, Йемен, Сомали, Судан және Ливия елдерінің азаматтарын АҚШ-қа кіруіне шектеу қоятыны жазылған.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір