• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:40:41
Алматы
+35°

04 Сәуір, 2017 Әлеумет

АҚШ-та ауру баламен шатастырып сау балаға операция жасаған

Теннесси штатының 31 жастағы тұрғыны Дженнифер Мелтонның баласы ауыр жағдайды басынан өткерді. Дженнифер еш қиындықсыз баласын дүниеге әкеледі. Сәбидің дені...

Теннесси штатының 31 жастағы тұрғыны Дженнифер Мелтонның баласы ауыр жағдайды басынан өткерді. Дженнифер еш қиындықсыз баласын дүниеге әкеледі. Сәбидің дені сау болып туылды.

Алайда бірнеше уақыттан кейін шаранаға шұғыл түрде операция жасалған. Анасы он екі мүшесі сау туылған баланың ауыз тұсында қарайған дақтарды байқайды. Тексеріс барысында Дженнифердің баласы Нейтті тіл жүгеншегі қысқа сәбимен шататырып операция жасалғаны белгілі болған. Тіл жүгеншегі қысқа балалар еркін сөйлеуіне кедергі келтіреді және еме алмайды. Оны түзету қиын емес. Алайда дәрігер балаларды ауыстырып алған.

Нейтке қатты зақым келмеген. Аурухана басшылығы Дженниферден ресми түрде кешірім сұрады. Алайда ол дәрігерлермен соттасуға бекініп отыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір