• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:56:39
+35°

27 Тамыз, 2018 Әлем

АҚШ сенаторы өлер алдында өзінің жерлеу рәсіміне Трампты шақыруға тыйым салған

Ал АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трампты жерлеу рәсіміне шақыруға тыйым салған.

25 тамызда қайтыс болған америкалық сенатор Джон Маккейн жерлеу рәсіміне АҚШ президенті Дональд Трампты шақыруға тыйым салды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-тың дерегін негізге алып. Америкалық сенатор Аннаполис қаласындағы әскери теңіз күштері академиясының зиратына жерленеді. Ал Джон Маккейнмен қоштасу рәсімі Аризона штатындағы парламент ассамблеясында өтетін болады. Маккейн Аризона штаты атынан Конгрессте 35 жыл бойы сенатор болған.

Жерлеу рәсіміне дейін марқұмның денесі Вашингтондағы Ротонда күмбезінде сақталады. АҚШ тарихында мұндай құрметке ие болған 13 сенатордың бірі Джон Маккейн болмақ.

Жерлеу рәсіміне АҚШ-тың бұрынғы президенттері кіші Джордж Буш пен Барак Обама шақырылған. Бұл марқұмның өтініші болған екен. Ал АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трампты жерлеу рәсіміне шақыруға тыйым салған. Себебі Джон Маккейн өзінің партияласы Трамптың Сирия, Ресей және Қытай елдеріне қатысты саясатына қарсы шыққан көрінеді.

Маккейн қаза болғаннан кейін Трамп өзінің Twitter парақшасы арқылы марқұмның отбасына көңіл айтты.  

Джон Маккейн  Вьетнам соғысының ардагері әрі тұтқыны болған. Ол 81 жасында мидың қатерлі ісігінен емделмеген күйі өмірден өтті.

 

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір