• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 09:56:51
Алматы
+35°

12 Желтоқсан, 2018 NEWS

АҚШ Ресейге қандай "сый" жасады?

АҚШ-тың сыртқы саудасына қатысты танымал Business Insider басылымы тың деректерді жариялады

АҚШ-тың сыртқы саудасына қатысты танымал Business Insider басылымы тың деректерді жариялады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-тың дерегіне сүйене отырып. Америка Қытай нарығындағы орнын Ресейге сыйлады.

Америкалық компаниялар қазан айында тек БАЖ салығы мен шектеулер үшін 6,2 миллиард доллар шығындалыпты.  Бұл көрсеткіш – АҚШ-тың тарихында болмаған ең үлкен шығын. Осыған ұқсас шығындарды болдырмау үшін Бейжің билігі қандай шаралар қолданып жатыр? Қытайдың ішкі нарығындағы "бос орынға" Ресей иелік ете ала ма Бұл сұрақтарға  РИА Новости сайты жауап іздеді. 

Биылғы жылдың мамыр айы АҚШ-тың ішкі саудасында орын алған дағдарыстың шарықтау шегіне жеткен уақыт болды. Қытай мен АҚШ арасында экспорт пен импортқа жұмсалған БАЖ-дың жалпы сомасы жыл басталған алғашқы төрт айда 10,8 миллиард долларды құраса, мамыр-тамыз аралығындағы шығыны үштен бір есеге өсіп, 15,1 миллиардқа жеткен.

2017 жылы қазан айында БАЖ салығы мен импорт пен экспортқа қойылған шектеулерге 3 миллиард доллар қаражат жұмсалса, осы жылы бұл сома 2 есеге өсіп 6,2 миллиардты құраған. Ал, ҚХР импорттық төлемдерге өткен жылы 0,4 миллиард жұмсап, осы жылы 2,6 миллиардқа жуық төлем жасаған. Бұл туралы Рамблер хабарлайды. Мұндай шығындар АҚШ бизнесі мен американың ішкі саудасына айтарлықтай әсерін тигізгені белгілі. Дегенмен, Дональд Трамп Twitter-дегі парақшасында мұндай өзгерістер ол үшін еш қиындық тудырмайтынын жазған:

«Біз өз тарифтерімізден-ақ миллиардтар тауып жатырмыз. Американы қайтадан бай әрі қуатты етеміз»,-дейді АҚШ-тың тәуекелшіл басшысы.

Аударған: Балжан Халық

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір