• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:43:27
Алматы
+35°

16 Қаңтар, 2017 Саясат

АҚШ президенттік сайлауында хакерлік шабуыл жасаған Guccifer 2.0 хакері мен журналистің әңгімесі

Guccifer 2.0 псевдонимінің астарында кім жасырынып отыр? Американың барлаудың пайымдауынша аталмыш атауды жамылған хакер АҚШ президенттік сайлауында кибер...

Guccifer 2.0 псевдонимінің астарында кім жасырынып отыр? Американың барлаудың пайымдауынша аталмыш атауды жамылған хакер АҚШ президенттік сайлауында кибер шабуыл жасағандардың бірі.

Екі ай бойы өзі туралы ешқандай ақпар бермеген хакер Ресейге ешқандай қатысы жоқ екенін айту үшін қайта ғаламторда пайда болған.

Дональд Трамптың жеңісінен кейін Би-би-си журналисті Марк Уэндлинг Guccifer 2.0 мен ғаламтор арқылы байланысқан. Әлемдегі ең атақты хакерлермен сөйлесу оңай екен. Ол үшін «Твиттерде» жазсаң жеткілікті.

2016 жылдың жазында Guccifer 2.0 АҚШ Демократиялық партиясынан ұрланған құжаттарды WikiLeaks сайтына берген. Осыдан кейін Guccifer 2.0 атын жамылған адам құжаттардың жартысын румындық Guccifer атты хакерден алғанына қарамастан оны Ресеймен байланысы бар деген күдік туғызған. Румындық хакер американдық және румындық шенеуніктердің пошталарын бұзғаны үшін темір торға тоғытылды.

Guccifer 2.0 жариялаған құжаттар румын тілінде емес, орысша жазылған. Сарапшылар хакердің ресейлік серверді қолданғанын және кибер қауіпсіздігі саласындағы бірнеше маман  ұрланған құжатты рейсейлік барлау тобы алғанын анықтаған.  Журналист Лоренцо Франчески-Биккьерай бұзу әрекеттерінен кейін хакермен румын тілінде сөйлесіп, оның тілді жақсы білмейді деген қорытындыға келген.

Guccifer 2.0-мен қазын айында сөйлескенде де, қазір де Ресеймен қандай да бір байланысын жоққа шығарып отыр. Ол Клинтонға қарсы басқа да құжаттар бар екенін және оны жариялауын сұраған.

«Демократтар туралы ақпарат бар. Өкінішке орай, құжат түрінде растай алмаймын. Бірақ ақпаратты журналистік зерттеу үшін пайдалана аласыз. Қызықтыра ма?»

Ақпаратты  қорғалған электронды пошта арқылы жіберіп отырды. Алайда оның барлығы ғаламторда бар ескі мәліметтер болып шықты.

Мен хакерден мұның барлығын не үшін істеп жатқанын сұрадым. Ол сайлау кезінде шын мәнісінде не болатынын адамдар білуі тиіс деп есептейтінін жеткізді.

- Сайлау процесі шын мәнісінде қалай құрылғанын адамдар білуге құқылы деп есептеймін».

- Яғни, мұның барлығы атақ үшін емес қой? Еңбегіңіздің арқасында WikiLeaks мәртебеге ие болғаны сізді ренжітпейді ме?

- Мен ризамын. Ассанжбен бірге Американың бұрыңғы ұлылығын қайтара аламыз!

- Сіз Трамптың жақтасысыз ба? Сауалнамада оны қолдамайтыныңызды жазғансыз. Ассанжда Трамптың жақтастарынан емес екенін айтты.

- Мен Трампқа дауыс бермеймін.

- Егер сіз орыс (румын немесе басқа да елдің азаматы болса) болсаңыз сіз дауыс бере алмайсыз ғой, дұрыс па?

- Мен еркіндікке дауыс беремін. Маған жазылсаңыз, жақсы материалдарға қол жеткізесіз.

FireEye ірі компаниясының қызметкері Ли Фостер, журналистер кейін аяушылық білдіріп мақала жазу үшін ресейлік барлаушылар журналистермен жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысады дейді. Бұл ресейлік барлаудың онлайн-операциясының әдеттегі тактикасы дейді.  

Оның сөзінше Guccifer 2.0-дың артында ресейлік билік тұр. Мәскеу бұған ешқандай қатысы жоқ екенін айтады. WikiLeaks Джулиан Ассанж да Ресейден ешқандай құжат алмағанын алға тартып отыр.

Мен Ресей туралы хакердің өзінен сұрадым.

- Путинге деген көзқарасыңыз қандай?

- Мен Ресейде тұрмаймын. Мені Ресей де, оның билігі де мүлде қызықтырмайды.

Осыдан кейін менің хабарламаларыма жауап бермей қойды.

Американдық барлау тобы хакерлік шабуыл туралы құпия баяндаманың бір бөлігін жариялады. Маңызды қорытындылардың ішінде мынадай ақпарат берілді: «Біз нық сеніммен ресейлік әскери барлау Guccifer 2.0 хакерін пайдаланғанын айта аламыз» делінген.

"Guccifer 2.0 өзін тәуелсіз румындық хакер деп атады. Алайда кейде бір-біріне қайшы келетін әрекеттер жасады. Кейде өзіне қатысты жалған ақпарат берді. Бәлкім ол ресейлік шығар. Ал журналистер Guccifer 2.0 псевдонимімен бірнеше адам журналистермен байланысқан болуы мүмкін делінеді баяндамады.

«Нақты «твиттерді» бір адам немесе бүкіл бір топ қарап отырған болуы мүмкін. Сайлаудағы хакерлік шабуылға бір ғана адам қатыспаған деп толық сеніммен айта аламыз. Бұл алдын-ала жақсылап ойластырылған, күрделі операция» дейді Ли Фостер.

Екі ай үнсіздіктен кейін хакер «Достар, мен қайта оралдым» деп жазды. «Мен мәселенің басын ашқым келеді. Бұл айыптаулар дәлелденбеген. Менің ресейлік билікке ешқандай қатысым жоқ. Тағы да қайталап айтамын өз саяси көзқарасыммен және сенімдеріммен ғана әреке етіп келемін» деп жазды өз блогында.

Кейбір сарапшылар хакердің ағылшынша бұрыңғымен салыстырғанда жақсы сөйлей бастағанын байқаған.

«Адамның жеке басына көп үңілудің қажет жоқ. Маңыздысы оның әрекеттері қандай ауқымда жалғасады және қандай деңгейге дейін өсуі мүмкін екені» дейді Ли Фостер.

Баяндама шыққаннан кейін онымен тағы бір мәрте байланысқа шығуға талпындым.

«Осы демалыста сіз туралы материал жарияламақшымыз. Ойыңызды білдірсеңіз» деп жаздым. Ол жауап бермеді. 

Автор: Марк Уэндлинг

Дереккөз: bbc.com

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір