• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:28:09
Алматы
+35°

02 Шілде, 2018 Саясат

АҚШ Пентагонның миссиясын өзгертті

Пентагонда «елеусіз» өзгерістер жүріп жатыр.

Батыс басылымдарының байқауынша АҚШ Қорғаныс министрлігінің сайтында мекеме миссиясы туралы мәтінге өзгеріс енген. Алайда Пентагон бұл туралы ешқандай да ресми мәлімдеме жасамаған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Пентагон сайтында Қорғаныс министрлігінің миссиясы «соғысты тыйу» деп көрсетіліп келген. Аталған текст енді «Шетелдегі Америка ықпалын күшейту» деп жазылған.  «Қорғаныс министрлігінің міндеті — отанымыздың қауіпсіздігін қорғауда жойқын күш біріктіру және шетелде Америка ықпалын күшейту» деп жазылған толық мәтінде.

Осылайша Дональд Трамп тұсындағы Пентагонда «елеусіз» өзгерістер жүріп жатыр. Айта кететін болсақ, Трамп осыған дейін  АҚШ Киберқауіпсіздік жасағын стратегиялық күштері қолбасшылығынан АҚШ қарулы күштерінде дербес әскери қолбасшылыққа айналдырған.
19 маусымда  Ғарыш күштерін құру туралы жарлық шығарды. Жарлықты АҚШ Сенаты қабылдай қойса оларда енді 12 әскери қолбасшылық болады. 

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір