• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:13:23
Алматы
+35°

08 Мамыр, 2019 Саясат

АҚШ пен Германия арасындағы достық жойылды ма?

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Германияға баруға бас тартуына қарағанда екі жақты шиеленіс ұлғая бастады

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Германияға баруға бас тартуына қарағанда екі жақты шиеленіс ұлғая бастады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Suddeutsche Zeitung газетіне сілтеме жасап.

Басылым айтуынша, президент Дональд Трамп өз одақтастарына қарай бейбіт димломатия ұстанбай, «басқыншылық билікті саясат» бағытын ұстанады. Сонымен қатар, Трамп президенттіктен кеткеннен кейін Вашингтон мен Берлин арасы қайтадан жақындасатынына сенімді.

Естеріңізге сала кетейік, 7-мамыр күні ФРГ канцлері Ангела Меркельмен кездесуі керек Помпео бірнеше сағат қалғанда Берлинге бағытталған сапардан бас тартып, Бағдадқа қарай жол тартты.

«Шұғыл шараларға» байланысты Америка тарапынан ауыстырылған толыққанды кездесудің орнына Помпео Германияның Сыртқы істер министрі Хайко Мааспен телефон арқылы сөйлесті.

Аударған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір