• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:04:41
Алматы
+35°

30 Шілде, 2018 Саясат

АҚШ пен ЕО Еуразиядағы геосаяси  әрекеттері  және қазақ тағдыры

Трамптың бастапқы ойы: Иран мен Ресейді ыдырату және Қытайды сабасына салу.

Маған Трамптың үш жетістігі айқын байқалады: ол өз елінде салықты төмендетіп, әлеуметтік шығындардың азайтып АҚШ-тың экономикасын соңғы уақытта дүркіретіп өсірді. Екінші жетістігі –Еуропалық Одақ пен  АҚШ-тың қарама-қарсы тарифтер теке тіресін тоқтатты. Енді Еуропалық Одақтың НАТО-дағы әскери шығындарын АҚШ денгейіне көтеруді талап етеді. Үшінші жетістігі – Қытаймен сауда дефицитін жоймақ. Сонымен, Трамптың үш жетістігі: еркін сауда принципін орнатуға негізделген. Трамптың бастапқы ойы: Иран мен Ресейді ыдырату және Қытайды сабасына салу. Турасын айтсақ, Трамп айтқанын істейді: АҚШ  алдымен Иран мен Ресейді экономикалық жүдетеді. Иә, АҚШ-тың мақсаты Ресей, Иран және  Қытайға қоса экономикалық соққы жасау. Нақтылап айтсақ: АҚШ-тың мақсаты алдымен Ресей мен Иранда экономикалық стагнация мен әлеуметтік толқуларды туғызу. Сонау 1979 жылы Иран халқы революция жасап, шах режимін құлатып, теократиялық режим орнатқан. Революция Иранның Иракпен соғысына ұласты. Сегіз жылға созылған көп шығынды қан майдан нәтижесіз аяқталды. Александр Лосев  «Как экономика Ирана выживала в условиях санкций?» мақаласында былай деп пайымдайды: «...недооценивать влияния санкций нельзя. Запрет сначала для граждан и компаний США, а потом и третьих стран на ведение бизнеса с Ираном, в том числе в нефтегазовой сфере, затем на кредитование, а потом и полная блокировка финансовых операций с отключением от системы SWIFT, запрет на торговые операции, поставку лекарств, оборудования и запчастей, нефтяное эмбарго – в таких условиях вынуждена была существовать иранская экономика. Счета в долларах и евро в иностранных банках были заблокированы». Қараңыз: www.vedomosti.ru )Cонымен Иран санкциялардан қатты соққы жеді, бірақ құрыған жоқ. АҚШ пен ЕО санкцияларын қолдамаған мемлекеттер болды. Олар: Қытай, Үндістан, Ресей, Қазақстан, Оңтүстік Корея және  Түркия,  сол сияқты - Араб Эмираттары еді. Осы уақыт  аралықта Иран $75 млрдқа мұнай мен газ сатыпты.

Иранда төл мемлекет құрушы ұлт парсылар 40-60% делінген. Мүмкін парсылар 50% шамасында. Үлкен массив -20 миллион әзірбайжан бар, олар Иран ыдыраса, қуана 9 миллиондық  Әзірбайжанға қосылады. АҚШ Иранның курдтерін Ирактың күрдтеріне қосады. Сөйтіп бірегей Күрдістан құрады. Күрдттер 40-50 миллиондық өсімтал ұлт. Есесіне Ирак курдтардан айырылса да, шия  дінді  арабтарын Ираннан қосып алады. Ирактағы арабтар негізінен шиитер .

Мұнай бағасы өссе де, Ресейдің экономикалық стагнацияға кіргеніне он жыл болды, соңғы төрт жылда оларда тұрмыс төмендеп келеді. Ресей қатарынан екі соғыс жүргізуде - Украина мен Сирияда. Соңғы төрт жылдағы соғыс мерзімі Екінші дүниежүзілік соғыстан да асып кетті, ал бұл соғыс бітетін түрі жоқ, халық соғыстан шаршай бастады. Ал Украина Еуропалық Одақ пен АҚШ-тың қару-жарақ пен қаржы көмегін алып жатыр. Эксперттер Украина экономикасы көтеріліп келеді дейді. Экономикасын оңдап алған Украина соғыстан жеңілетін түрі жоқ. Ал Ресей мен Иранның әскерлері де Сирияда шығынға ұшырап жатыр.

Ал бізге Қазақ еліне не пайда, не қауіп? Қазақстан ОДКБ мүшесі болса да Украина мен Сириядағы соғысқа қатысудан бас тартты. Есесіне біз АҚШ пен келісіп Каспийдегі порттарымызды бекітіп жатырмыз. Бұл дұрыс. Түбінде біз агрессивті империяшыл Ресей мен Иранның бәсеңдеп ыдырағанын куәгеріміз,  әзірше бекініп жатырмыз. Жау жоқ деме жар астында!

Әзімбай Ғали

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір