• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:01:59
Алматы
+35°

25 Мамыр, 2018 Әлем

АҚШ КХДР-ға қарсы жаңа санкциялар енгізбек

Санкция саясаты 2018 жылдың 24 мамырында Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысында талқыланған.

Ақ үй КХДР-ға қарсы жаңа санкциялар енгізу мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Бұл турлеы Wall Street Journal басылымы хабарлады.

Жергілікті БАҚ таратқан ақпаратқа сүйенсек, санкция саясаты 2018 жылдың 24 мамырында Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысында талқыланған. Сонымен қатар отырыста әскери бөгет мәселесі де сөз болған.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынға жолдаған хатында КХР-дың соңғы «ыза мен ашық өшпенділікке негізделген» мәлімдемесінен кейін 12 маусымда Сингапурда саммит өткізу орынсыз екені жазылған. Трамп саммиттің болмайтынын хабарлап, алда әлі Ким Чен Ынмен кездесуден үмітті екенін де айтып өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір