• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 07:16:33
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2019 NEWS

Ақсақал әкімге "бата" берді де, кездесуді аяқтауын өтінді

Ал Байбек ақсақалдан «тағы бірнеше тұрғынға сұрақ қоюға мүмкіндік берейік» деп өтінді.

Алматы қаласы әкімінің есеп беруі 3 сағатқа созылды. Жергілікті тұрғындар Бауыржан Байбекке өмір сапасын көтеру жөнінде түрлі сұрақтар қойды, анығы сұрақтарды жаңбырша жаудырды.

Алматы әкімі тұрғындардың барлық сұрағына лайықты жауап берді. Ешкімді назардан тыс қалдырмады.

Микрофон тағы бір тұрғынға берілгенде әлгі адам әкімді мақтай жөнелді. Ол – Алматы қаласында бұрыннан тұрып жатқан ақсақал еді.

Әкім сөйлеп тұрған ақсақалды тоқтатып: «Нақты сұрақ қойыңызшы, өтінемін», - деді.

Алайда ақсақал әкімнің сөзін құлағына да ілмей, сөзін жалғастыра берді.

«Құрметті Бауыржан Қыдырғалиұлы! Сіз өз жұмысыңызды керемет атқарып келесіз. Сізге батамды берейін, балам. Сұрақ қоюды осымен доғарайық», - деді ақсақал.

Ал Байбек ақсақалдан «тағы бірнеше тұрғынға сұрақ қоюға мүмкіндік берейік» деп өтінді.

Осымен әкімнің есеп беруі аяқталды.

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір