• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:03:00
Алматы
+35°

14 Қазан, 2018 NEWS

Ақмола облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам іздестірілуде

Ақмола облысында құқық қорғау органдары, құтқарушылар мен еріктілер осымен үшінші тәулік жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адамды

Ақмола облысында құқық қорғау органдары, құтқарушылар мен еріктілер осымен үшінші тәулік жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адамды іздестіріп жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтының дерегін негізге алып.

39 жастағы Александр Викторович Петрухиннің жоғалып кеткені туралы хабар Бурабай АІІБ-ге 11 қазанда түскен. Туысқандарының айтуынша, Петрухин 10 қазан күні Бурабай ауданына Ақылбай ауылының маңындағы Кіші Шабақты көліне балық аулауға кеткен. Отбасы кешке қарай онымен байланысқа шыға алмаған. Келесі күні туысқандары полицияға жүгінген. 

Ер адамды іздеуге Бурабай АІІБ жеке құрамы жұмылдырылды. Арнайы іздеу топтары құрылды. Петрухиннің автокөлігі су қоймасының жағасынан табылған. Көліктің ішінде ер адамның құжаттары болған. 

Қазіргі таңда іздеу шаралары жалғасып жатыр, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен еріктілер де тартылды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір