• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 20:55:27
Алматы
+35°

16 Сәуір, 2019 NEWS

Ақмола облысында сенбілікке шыққан оқушы қаза тапты

Сенбілік кезінде болған қайғылы жайт туралы қаза болған баланың әпкесі айтып берді

Теміржол аумағын тазалауға шыққан оқушылар шетте тұрған жүк вагонының үстіне шықпақшы болады. Бірінші болып шыққан бала тоққа түсіп қаза тапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанның дерегіне сүйеніп.

Ақмола облысы Атбасар ауданында үш оқушы тоқтап тұрған вагонның үстіне шығып алған. Олардың бірі тоққа түсіп көз жұмды, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді.

Сенбілік кезінде болған қайғылы жайт туралы қаза болған баланың әпкесі айтып берді.

"Менің бауырым мен Ирченко станциясы аумағында болған оқушылар қазақ орта мектебінде оқиды. Мен де сол мектепте оқығам, кезінде теміржол аумағына сенбілікке шығатынмын. Бірақ сол күні қайғылы оқиға орын алды. Ол вагондардың тұрғанына бір апта болған секілді. Балалар кім тез мінеді деп бәстесіп, оған жарыса шыққан сияқты", - дейді қыз.

Ең бірінші боп вагонға қыздың 14 жастағы інісі мінген. Балалардың айтуынша, оны бірден тоқ соғып, сол мезетте жан тәсілім етіпті.

"Балалардың айтуынша, оның қолы сым темірге тимеген. Қолын көтергенде ауадағы жоғары вольтты тоқ соғыпты. Екінші бала жарақаттанған, ал үшіншісі секіріп түсіп үлгерген", - дейді қыз.

Ал сыныптасының өліміне куә болған басқа оқушылар болса, әлі естерін жия алар емес.

Қайтыс болған баланың әпкесінің сөзіне сүйенсек, ол арада тұрған вагондар астаналық "Астық Транс" ЖШС-ға тиесілі көрінеді.

"Егер вагондар елді мекенді аумақта, онда да мектепке қарама-қарсы тұрса, олар тоқтан ажыратылуы керек болатын. Кім жауапты бұл қазаға? Кінәлілер жазасын алсын ", - дейді марқұм баланың туыстары.

Атбасар ауданыны әкімдігінің қызметкерлері бұл фактіге қатысты тергеу басталғанын жеткізді.

"Ирченко станциясы уақытша тұрақ, ол біздің қарамағымызда емес. Вагон үстінде жоғары вольтты тоқ неге болған, күзет, жол жөндейтіндер қайда қараған, балалар емін-еркін ол вагондардың үстіне неге шығып кеткен? Бұл сауалдарды "Қазақстан темір жолы" немесе ішкі істер басқармасына жолдағандарыңыз жөн болар. Қазір бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталып кеткен. Кінәлілер өз жазасын алады деп ойлаймын", - деді Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов.

Бірақ ол істің қандай бап бойынша қозғалғанын нақтылай алмады.

Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл фактіге қатысты 344-баптың 2-тармағы, яғни "Абайсызда адам өліміне әкеліп соққан теміржол қозғалысы қауіпсіздігінің тәртібі және оны жүргізу ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынған. ҚР Қылмыстық кодекстің 201-бабындағы талаптарға сәйкес, тергеудің мән-жайын жариялауға болмайды.

Ал "Қазақстан темір жолы" компаниясы әзірге жауап берген жоқ.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір