• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:03:59
Алматы
+35°

11 Сәуір, 2017 NEWS

Ақмола облысында аумақтарды ретке келтіру жұмыстарына 3 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінбек

Биыл Ақмола облысында жолдарды жөндеуге, аумақтарды санитариялық тазалауға, абаттандыру мен көгалдандыруға 3,0 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл туралы...

Биыл Ақмола облысында жолдарды жөндеуге, аумақтарды санитариялық тазалауға, абаттандыру мен көгалдандыруға 3,0 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл туралы өңір әкімдігіндегі аппараттық жиналыс барысында белгілі болды. «Көшелердегі жарық бағаналарын ағарту және сырлау, жолдарға ішінара топырақ сеуіп, грейдерлеу, қалалық билбордтарды, жол белгілерін жөндеу, аялдамаларды сырлау бойынша жұмыстар басталды», – деп баяндады өңір басшысына Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Виктор Радченко,-деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі strategy2050.kz-ке сілтеме жасай отырып.

 Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Әубәкіров облыста 13 млн көшет өсірілетін 3 тәлімбақ бар екенін баяндады.  «Қазіргі уақытта облыстың батыс өңірлерін ағаш көшеттерімен қамтамасыз ету мақсатында тағы бір тәлімбақ салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Биылғы көктемде 96 мыңнан астам көшет отырғызу, сондай-ақ 1700 гектар жерде ағаш отырғызу жоспарланып отыр», – деп атап өтті ол. Осы мәселе бойынша облыс әкімі М.Мырзалин облыстың елді мекендерін тиісті санитариялық тәртіпке келтіру және көгалдандыру үшін шаруашылық етуші субъектілерді, қоғамдық ұйымдарды коммерциялық құрылымдарды тарту жұмысын жандандыруды тапсырды.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір