• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:15:12
Алматы
+35°

20 Қазан, 2018 Әдебиет

Ақындардың шығармашылық кештері жаңа форматта өтпек

Кеште ақын Мағиза Құнапияқызы мен Қайрат Құлмұхамедтің өлеңдеріне қойылған «Өлең сөздің патшасы» атты поэтикалық сахналанған қойылым көрсетілді.

Алматы қаласында «Алатау» дәстүрлі өнер театрында 15 қазанда елімізде тұңғыш рет театрландырылған поэтикалық жыр кеші өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Кеште ақын Мағиза Құнапияқызы мен Қайрат Құлмұхамедтің өлеңдеріне қойылған «Өлең сөздің патшасы» атты поэтикалық сахналанған қойылым көрсетілді.

әдебиет

әдебиет

Кеш шымылдығын ашқан Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан алдағы уақытта осындай кештер жалғасын табатынын айтты.

"Бүгінгі үлкен кеш нар тәуекелдің кеші, яғни Сөз патшасының тағына қонған күні дей келе, жыр кеші деген әшейін сахнаға шығып өлең оқу емес, оны сахналанған көрініске айналдыру, халыққа жеткізу керек екендігін тілге тиек етті. Әр мемлекетте осындай поэтикалық кештерді ұйымдастыратын театрлары бар, бізде бұл жоқ, бұл Райымбек Сейтметов ағамыздың Мүсірепов театрын Поэзиялық театрға айналдырсам деген арманы. Қай жағынан да қисыны келіп тұрған нәрсе. Тәуелсіздік күніне орай, «Қасқыр Құдай болған кез» деген поэтикалық-драма жазып жатырмын. Жартысын жазып қойдым. Дайын. Соны болашақта Бейбіт пен Сәнияның қолына тапсырамын", - деді Бақыт Беделхан сөз арасында. Ақын жәй сөйлемей, жыр кешінің шымылдығының ашылуына жырдан шашу шашты. Алдағы уақытта Жазушылар одағының жанынан «Сөз патшасы» атты поэтикалық театр ашылатынын, ақындардың шығармашылық кештері осындай форматта өтетінін хабарлады.

әдебиет

әдебиет

Кешті Ғабит Мүсірепов атындағы Жастар театрының актерлары Бейбіт Қораманов пен Сәния Ерзатқызы жүргізді. Кешке танымал тұлғалар, өнер қайраткерлері және жыр сүйер қауым қатысты. Театрландырылған бұл өзгеше кеш көрермендердің көңілінен шықты. Әр көрініске ризалышықпен шапалақ ұрған көпшілік қауым осы кештің ерекшелігін сезінді.

әдебиет

Кеш сөз алған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Алматы қаласы және облыстық филиалының директоры Айбөпе Мақұлбекова ханым кешті ұйымдастырушыларға рахмет айтып, ақындарға арнайы Алғыс хат табыс етті.

Әсел Назаралы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір