• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:55:47
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2017 NEWS

Ақылы VIP түрмелер салынады

Камбоджа билігі барлық жағдай жасалған ақылы түрме салмақшы деп хабарлайды

Камбоджа билігі барлық жағдай жасалған ақылы түрме салмақшы деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Phnom Penh Post-қа сілтеме жасап.

«Кімнің қаржысы жетсе, VIP түрмеге орналастырамыз. Бастапқы кезде 400 адамды қабылдаймыз. Құрылыс толық біткеннен кейін 1,2 мың жазасын өтеуші VIP түрмеге орналастырылады. Оның 180-і есірткіге тәуелділіктен арыла алмай жүргендер. Бағасын компания белгілейді. Жаңа түрмелерде камералар кең болады. Онда жаттығу жасауға да, діни жоралғыларға да орын жетеді» деді жергілікті түрмелерді басқару департаментінің төрағасы.

Алғашқы блок 2018 жылдың ортасында қолдануға беріледі. Келісім шартқа сәйкес, түрмеден түскен қаржыны жергілікті билік пен қытайлық компания 45 жыл бойы бөлісіп отырады.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір