• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 01:43:44
Алматы
+35°

25 Қаңтар, 2017 Саясат

Ақ үй сайтының петиция жарияланатын бөлімінде Азаматтық мүсінін қирату жөнінде ұсыныс пайда болды деп хабарлайды qamshy.kz. Петиция авторы мүсін АҚШ-ты иммигранттарды қабылдауға дайын, құшағы ашық мемлекет ретінде көрсетеді дейді.

Азаттық мүсіні әдемі көрінгенмен, ол өткен шақтың символы. Бұрынды біздің мемлекет иммигранттарды қарсы алуға қарсы емес болатын. Бүгінде олай емес. Мұнда түсінбейтін дәнеңе жоқ. – делінген текстте.

Монументте Эмма Лазарустың «Жаңа колосс» сонетінің үзіндісі келтірілген. Ондағы мазмұн АҚШ-тың жаңа саясатына сәйкес келмейді дейді автор.

 «Еркін тыныстағысы келгендерді жел қуып маған жіберіңдер» деген сезімді 150 жыл АҚШ сезінген шығар. Қазіргі таңда бізге бәріне құшағын айқара ашқан Азаттық мүсіні емес, иммигранттардан қорғайтын қабырға керек дейді петиция ұйымдастырушысы.

21 қаңтар күні жарияланған петицияға бүгінде қол қойғандардың саны әзірге үш адам. Петиция осы жылдың 20 ақпанына дейін 99 997 қол жинамаса, аталмыш петиция құр жай ұсыныс ретінде қалады.

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір