• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:35:15
Алматы
+35°

27 Шілде, 2017 Саясат

Ақ үй Ресейге қарсы санкциялардың өзгеру мүмкіндігін айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп, Ақ үй және мемлекет әкімшілігі Ресей, Иран, Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды қолдап отыр.

Ақ үй антиресейлік санкциялар туралы заңнамаға өзгеріс ену мүмкін екенін айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Десе де президент пен әкімшілік Мәскеуге қарсы шараларды қолдап отыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп, Ақ үй және мемлекет әкімшілігі Ресей, Иран, Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды қолдағанымен, түпкілікті шешім қабылданған күннің алдында заңнаманың өзгеруі мүмкін екені хабарланды. Бұл жөнінде журналистерге Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс хабарлаған.

"Қосымша өзгерістер болуы мүмкін. Және түпкілікті шешім қабылдағанға дейін ол өзгерістің қандай көрініс табатынын бақылаймыз», - деді Сандерс.

Сондай-ақ ол АҚШ билігінің санкциялық режимді қолдайтынына күмән келтірмейтінін айтты.

«Ақ үй, президент және әкімшілік Ресей, Иран, Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды толықтай қолдайтынын тағы да қайталаймын», - деді АҚ үй баспасөз хатшысы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір