• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:25:26
+35°

27 Желтоқсан, 2016 NEWS

Апат болған Ту-154 ұшағының «қара жәшігі» табылды

Ұшақ апат болған жерден 3 адамның мәйіті табылды. Ұшақтың апатқа ұшырау себебі, дереккөздердің айтуынша, қозғалтқышқа бөтен заттардың түсіп кетуі деп...

Ұшақ апат болған жерден 3 адамның мәйіті табылды. Ұшақтың апатқа ұшырау себебі, дереккөздердің айтуынша, қозғалтқышқа бөтен заттардың түсіп кетуі деп хабарлайды tass.ru , «Қамшы» порталы ақпараттың қазақша нұсқасын оқырман назарына ұсынады.

Қара теңізге құлаған Ту-154 ұшағы апат болған жерден сүңгуірлер ұшақтағы қысымды өздігінен жазып отыратын құралды тауып алған.

«Зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде ұшақ кабинасынан бір қара жәшік табылды», - деп мәлімдейді дереккөздері. Оны судан шығарып, Мәскеу қаласына алып кеткен.

«Судан қысымды өздігінен жазып отыратын параметрлік құрылғы шығарылды. Қазір қара жәшіктегі жазбаны тыңдау үшін оны Сочи қаласынан ұшақпен Мәскеуге алып бара жатыр. Қара жәшіктегі жазбаны  Мәскеу қаласында Қорғаныс министрлігінің арнайы мамандары ашып,  тыңдайды».

Сонымен қатар, апат болған жерден үш адамның мәйіті табылған.

«Ұшақты зерттеу кезінде үш адамның мәйіті және ұшақ қалдықтары табылды», - деп хабарлайды дереккөздері. Алайда, бұл мәлімен нақты емес. Бірнеше күн бұрын 13 адамның мәйіті табылған болатын.

Сонымен қатар, ұшақ қозғалтқышына бөгде заттардың түсіп кетуі – апаттың тууына себеп болған негізгі жағдай ретінде қарастырылып отыр.

«Ұшақтың апатқа ұшырау себебін анықтауда эксперттер қозғалтқышқа бөгде заттар түсіп кеткен деген тұжырым жасап отыр».

Апат салдарының басқа да нұсқалары айтылып, пилоттың қателігі немесе техникалық ақаудың салдарынан болуы мүмкін деген деректер де тексеріліп жатыр.

Апаттың тууына себепші ретінде төрт жағдай қарастырылып отыр: қозғалтқышқа бөгде заттардың түсіп кетуі; сапасыз жанармай салдары; ұшақ қозғалқышы тым қатты жұмыс істеп, бірден істен шығуы; пилоттың қателігі немесе жөндеуге келмейтін техникалық ақаудың туындауы. 

Аударған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір