• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:53:46
Алматы
+35°

08 Қыркүйек, 2017 Әдебиет

Апаға сағыныш

Еркелігін ерке ұлың тыйған дара, Санасына сан дәріс құйған дала

Тартыншақтап көрмеген түк үрейден,
Тектілікті аңқытқан бүкіл үйден.
Тіктеп қойып еңсемді жүретінмін,
Баласы ем деп кемпірдің бүкірейген.

Жақын көріп сөйлесіп жат кісімен,
Басқаға да тілейтін бақты ішінен.
Маған сөздің естіртпей ащы жерін,
Асатушы ең тамақтың тәттісінен.

Жігіт едім көрмеген сыры қалып,
Жазылуда жүректен жырым анық.
Кеңге салып арқамды жүруші едім,
Апа, сенің арқаңа мініп алып.

Апа, сізді "анам" деп сағына алам, 
"Өз балам" деп, болушы ед жаның алаң.
Рухыңызды сыйлаған келініңіз,
Қайын інім деп қарайды әлі маған.

Пәк санама ойды да салмай бөтен,
Сізге сеніп, жүруші ем жандай бекем.
Сіз көтерген мендегі еркелікті,
Қатал өмір көтере алмайды екен.

Еркелігін ерке ұлың тыйған дара,
Санасына сан дәріс құйған дала.
Кең көшеге сыя алмай сенделеді,
Апа, сенің арқаңа сыйған бала.

Елнұр Нұрқасым

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір