• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:34:55
Алматы
+35°

14 Маусым, 2017 Әлеумет

Англиядан көшіп келген шетелдік азамат Алматы емес, не себепті Астанада тұрақтағанын түсіндірді

Англиялық азамат Қазақстандағы өмірі жайында, Алматыдан гөрі Астанада не себепті тұрғысы келгені жайында, сондай-ақ қазақ халқының қонақжайлылығы турасында...

Англиялық азамат Қазақстандағы өмірі жайында, Алматыдан гөрі Астанада не себепті тұрғысы келгені жайында, сондай-ақ қазақ халқының қонақжайлылығы турасында айтып берді. Weproject.kz сайтының жариялаған сұхбатын Қамшы ақпараттық агенттігі қазақ тіліне аударып, шетелдік азаматтың Қазақстан жайлы ойларын оқырман назарына ұсынады. Оксфорд қаласының тумасы Генри Мануэль 36 жаста. Бүгінгі таңда Haileybury Astana  мектебінің оқытушысы.

Астанадағы өмір жайында

Бұл жақта тұрып жатқаныма 3 жыл болды. Бұған дейін 2 жыл Пекинде жұмыс істедім. Сөйтіп, Англия мен Қытайға мүлдем ұқсамайтын мемлекетте өмір сүргім келіп, Қазақстанды таңдадым. Жұмысты ғаламтордан әлем бойынша мұғалім іздейтін топтар арқылы таптым. Бұл жердің адамдары – фантастика. Әрі мені қызықтырғаны, Қазақстан үздіксіз даму үстінде.

Астанаға таң ата келгем, күн ыстық еді. Көзіме алғаш түскені кең алқап болды. Park Inn қонақүйі маңындағы пәтердің біріне орналастым, сол себепті қаланың Оң жағалауында біраз серуендедім. Сөйтіп Sine Tempore сауда орталығының кафесінен дәмі тіл үйіретін пицца жедім.

Мен 4 жасар балақайлармен жұмыс істеймін. Байқағаным, Қазақстанда Англияға қарағанда ата-ана мен бала тарапынан мұғалімге деген құрмет ерекше. Мәселен, 1 қыркүйек күні сыйластық ретінде оқушылар бұрын-соңды көрмеген мұғалімге гүл береді. Бұл күн – олар үшін де, мұғалімдер үшін де аса маңызды. Гүл сыйлау – ата-ана мен баланың мұғаліммен жақынырақ танысуы үшін жасаған маңызды қадамы.
 

Қазақстанға көшіп келмей тұрғанда, Алматыда біраз күн болғанмын. Көбісі Алматыны Астанаға қарағанда көңілдірек дейді. Тіпті оны Орталық Азиядағы Париж дейтіндер де бар. Бірақ Алматының Еуропа қалаларынан айырмашылығы жоқ, сол себепті онда тұрғым келген жоқ. Маған өзге, ғажайыпқа толы әлем керек болды.

Қалаға тез бейімделдім. Суығына да дайын болдым, орыс тілін де аздап меңгергенмін. Басқа қиындықтармен маған айналадағы адамдар көмектесті.

Қала жайында

Маған Есілдің жағалауы ұнайды. Демалыс күндері міндетті түрде Орталық саябақтың жағалауында 3 сағаттап серуендейтінмін. Жаз мезгілінде адамдар белсенді, қыста да солай, жағалаудағы мұз айдынында адамдар толастамайды. Сондай-ақ Оң жағалауда, Республика даңғылы мен Кенесары көшелеріндегі ауданда серуендегенді жақсы көремін. «Артем» базары да ұнайды.

Менің бұл жерде пайдаланатын жалғыз қулығым – күлкім. Күліп жүрсең, Астананың адамдары да саған жылы шырай танытады, ісің де оңға басады.

Астанада такси ұстау да оңай. Таксиге міну арқылы қызықты адамдармен танысуға болады.

Мен «Керуен» сауда орталығы орналасқан ауданда тұрамын, өзіме сол аудан ерекше ұнайды. Бірақ, Қытайға қарағанда Астанада коммуналдық қызмет үшін төленетін қаржы қымбатырақ.

Киімді сирек аламын. Астанада тұрғалы қыстық етік пен ұлттық нақыщтағы аяқ-киім алдым.

Тамағы жайында

Мен жеген тамақтардың ішіндегі көңіліме жаққаны – қаймақ қосылған түшпара мен компот. Сондай-ақ, бешбармақты да сүйіп жеймін, бірақ ол күнделікті жеуге болатын тағам емес.

  Кәуабын да айтпай кетпеске болмас. Кәуапты жиі жеймін. Мәнті, палау, қуырдақ, чак-чак, бауырсақты жақсы көремін. Көбіне London мейрамханасына, «Дареджани», «Кафе Целинников», «Вечное небо», Сщаау Тщмф кофеханасында тамақтанамын.

Маған «Астана опера» ұнайды, бірақ 4-5 мәрте ғана бардым. Қазақстандық әншілердің ішінде Ғалымжан Молданазарды тыңдаймын.

Адамдары жайында  

Қазақтарды қонақжайлылығы ерекшелендіріп тұрады. Маған мұнысы әсер етті. Ендігі  жолы маған қонақтар келгенде Англиядағы секілді бір кесе шаймен риза қылып қоймай, оларды тойдырып бірақ жіберемін.

Негізі адамдары дөрекілеу. Дүкен қызметшілері мен көлік жүргізушілері ұрысқақ келеді. Англияда керісінше.

Бірақ тез тіл табысқыш. Бір кезде қаланы ескі фотоаппаратпен суретке түсіріп жүргенімде бір фотограф жаныма келіп, әңгіме-дүкен құрып кетті, қазір біз жақсы араласатын достармыз.

Қазақстанда салт-дәстүр мен заманауи өмір қашан да ұштасып тұрады. Мені таңқалдыратыны осы.

Шолушы: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір