• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 15:46:31
Алматы
+35°

26 Желтоқсан, 2016 Оқиғалар

Анатолий кнышов: ТУ-154 ұшағы ең қауіпсіз ұшақ болатын

Ту-154 ұшағының апатқа ұшырау себебін арнайы мамандар анықтап жатыр. Эксперттердің айтуынша, терракт жасалған болуы мүмкін, алайда кейбір дереккөздері мұны...

Ту-154 ұшағының апатқа ұшырау себебін арнайы мамандар анықтап жатыр. Эксперттердің айтуынша, терракт жасалған болуы мүмкін, алайда кейбір дереккөздері мұны жоққа шығарып отыр. 92 адамның өмірін жалмаған апат салдарының басқа да нұсқалары бар.

Естеріңізге сала кетсек, сириялық Латакия қаласына бағытталған Ту-154 ұшағы Сочи қаласынан ұшып шыққаннан соң жексенбінің таңында радардан жоғалып кеткен. Ұшақпен байланыс ұшып кеткеннен соң екі минуттан кейін жоғалған. Ұшақта 92 адам, оның 8-і экипаж мүшелері, сонымен қатар Александрова атындағы ансамбль әртістері болған. Олар жақында ғана азат етілген Алеппо қаласындағы Хмеймим базасында өтетін жаңа-жылдық кешке қатысуға кетіп бара жатқан.

Ту-154 ұшағындағы  экипаж мүшелері мен пилот өз істерінің нағыз мамандары болған, осы уақытқа дейін аталмыш мәселелерге тап болмаған, сол себепті де апатты арнайы біреудің ұйымдастырғанына сенімді болып отыр. Не себепті экипаж мүшелері диспетчермен байланысқа түспеген, апат ненің салдарынан болуы мүмкін деген сұрақтардың төңірегінде ұшқыш Анатолий Кнышов хабарлайды.

 – Апат , шамамен,ұшақ қозғалғанан соң 7-8 минутта болған. Экипаж 20 минут өткеннен кейін байланысқа шыға алмады. Әуедегі 7 минут дегеніміз – жерден 7,5 немесе 8 мың метр қашықтыққа көтерілген кез. Егер барлығы дұрыс болса, жүйе қалыпты жұмыс істеп тұрған болса, экипаж өз міндетін атқарып, жоғарыға көтеріле береді. Өзгеше дыбыс естіліп, бір сілкініс байқалған кезде, 15-20 секундқа созылған болса да, экипаж немесе корреспондент мүшелерінің бірі қандай да бір ақпарат беруі қажет. Барлығының да қалта телефондары бар. Алайда, диспетчерге ұшақтың техникалық жағдайы мен борттағы болып жатқан нәрселерге қатысты ешкім хабар бермегеніне қарағанда, апат бір мезетте жылдам болған. Ал, мұндай апат біреудің ұйымдастыруымен немесе ұшақтың техникасына біреу залал келтірген кезде ғана орын алады. ММұның анық қанығын Қорғаныс Министрлігі тағайындаған комиссия мүшелері анықтайды.

 – Әдетте, ұшақтар қонған сәтте немесе әуеде ұшып бара жатқан сәтте апатқа ұшырайды. Ал, мұнда бәрі керісінше, ұшақ енді ұшқан кезінде құлаған. Мұның себебі не?

 – Ия, өйткені, ұшақ енді көтерілген кезде қозғалтқыштар максималды түрде жұмыс істеп, режим өте жоғары қысымда болады. Қозғалтқыштағы қысым тым жоғары деңгейде болған кезде оның бұлай жұмыс істеуінің шектеулі уақыты бар, ол 2-3 минутқа ғана созылады. Кейіннен белгілі биіктікке көтерілгеннен соң, ұшақ қалыпты ұшу жағдайына түседі. Ал, бұл апат ұшақ ұшқан кезде емес, белгілі бір биіктікке көтеріле бастаған сәтте болған.

 – Ешбір адам хабар беріп үлгермейтіндей ұшақта қандай ақау болуы мүмкін?

 – Кез келген ұшақта техникасында ақау пайда болғанда пилотқа хабарлайтын тетік болады, ол пилоттың дәл қасында орналасқан және ақау болған кезде дереу қызыл түс жанып, дабыл қағады. Сонлай жағдайда, пилот ең алдымен  жерде басқарып отырған ұшқышқа хабар беру қажет. Алайда, бізге ешқандай да дабыл келіп түспеді. Ал, бұл ұшақтың жағдайы өте жақсы болған, ең қауіпсіз ұшақтардың бірі болған.

Жазушы – Михаил Веллер: «Біз исламдық республикаға қарсы үлкен соғысқа баспен кіріп кеттік. Елші Карловтың өлімі де соның салдарынан болған жағдай. Алайда, бұл апатқа террористердің еш қатысы жоқ дейді. Ту-154 ұшағында терракт болсын, басқа болсын, онда қаза тапқан адамдарды қайтара алмаймыз. Нақты басын ашып айту қиын, алайда, эксперттердің анықтауынша Ту-154 ұшағы ең мықты ұшақтардың бірі болған. Сирияның қатысы бар ма, жоқ па, білмеймін. Алайда, Сирияның бізге не керегі бар. Ол – үлкен база. Біз ол базаны не істейміз? Ол елде болып жатқан жағдайлардан бейхабармын, бірақ олармен одақтасу Ресейге көп шығын алып келді, көптеген адамдар қаза тапты. Сол себепті де, бұл оқиғаға террористердің қатысы жоқ деп те айту қиын».

Ұшақта болған адамдардың тізімі.

Ту-154 ұшағының Экипаж мүшелері:

1. м-р Волков Р.В.

2. к-н Ровенский А.С.

3. п/п-к Петухов А.Н.

4. к-н Мамонов А.В.

5. ст. л-т Парикмахеров В.Н.

6. м-р Трегубов В.А.

7. ст. л-т Сушков B.C.

8. ст. л-т Суханов А.О.

Ұшақ басқарушылары. Әскери қызметкерлер:

1. г/л-т Халилов В.М.

2. п-к Хасанов А.Б.

3. п-к Ваганов А.И.

4. п-к Иванов А.Ю.

5. п/п-к Колосовский А.В.

6. м-р Долинский А.И.

7. п-к Негруб А.Н.

8. к-н Абросимов С.С.

Федералды мемлекет қайраткерлері:

1. Губанков А.Н.

2. Бадрутдинова О.Т.


«Әділ көмек» атты халықаралық ұйым басшысы:

Глинка Е.П.


БАҚ өкілдері:

1.Рунков Д.А.

2.Денисов В.В.

3.Сойдов А.А.

4.Лужецкий М.В.

5.Обухов П.К.

6.Пестов О.М.

7.Ржевский В.В.

8.Суранов А.А.

9.Толстов Е.В.


Александров атындағы Ансамбль мүшелері:

1. Сонников А.В.

2. Гужова Л.А.

3. Ивашко А.Н.

4. Бродский В.А.

5. Булочников Е.В.

6. Голиков В.В.

7. Осипов Г.Л.

8. Санин В.В.

9. Майоров К.В.

10. Буряченко Б.Б.

11. Бобовников Д.В.

12. Баздырев А.К.

13. Белоножко Д.М.

14. Бесчасинов Д.А.

15. Васин М.А.

16. Георгиян А.Т.

17.Давиденко К.А.

18.Денискин С.И.

19.Журавлев П.В.

20.Закиров P.P.

21.Иванов М.А.

22.Иванов А.В.

23.Котляр С.А.

24.Кочемасов А.С.

25.Кривцов А.А.

26.Литвяков Д.Н.

27.Мокриков А.О.

28.Моргунов А.А.

29.Насибулин Ж.А.

30.Новокшанов Ю.М.

31.Поляков В.В.

32.Савельев А.В.

33.Соколовский А.В.

34.Тарасенко А.Н.

35.Трофимов А.С.

36.Узловский А.А.

37.Халимон B.JI.

38.Штуко А.А.

Әлеуметтік желіде Ту-154 ұшағы апатқа ұшыраған кезде бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадр таралды

Ту-154 ұшағының экипаж мүшелерінің бірімен болған соңғы әңгіме

Апат болған жерде түсірілген видео

Қамшыгер: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір