• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:55:56
Алматы
+35°

07 Тамыз, 2018 Әлеумет

"Анасы қызын картоп үшін педофилдерге сатқан"

Ол анасының қалай бетінен балғамен ұрғанын, құлағына, құйымшығына зақым келтіргенін айтып берді. Диананың денесінде 80-ге жуық тыртық бар.

Қапшағай қаласының тұрғыны Надежда Дина Смаилова атты адвокатқа хат жазып, 14 жастағы Дианаға көмек беруін сұрады. Диананы есірткіге тәуелді туған анасы аяусыз ұрып-соғып, тіпті педофильдерге сатқан деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі адвокатпен хабарласты. Оның айтуы бойынша, Диананың анасы Надеждаға арызды қайтарып, ақша төлеген кезде ғана Диананы қамқорлығына беретінін айтқан. Диананың денесінде 80-ге жуық тыртық бар және оған стоматолог пен хирург, психолог дәрігердің көмегі қажет. Сонымен бірге полиция қызметкерлері Диананың анасын ата-аналық құқықтан шектемей отыр. Дина Смаилова "Диананың анасы түрмеге тоғытылып, ата-ана құқығынан айырылуы керек", дейді. 

2004 жылы дүниеге келген Диана есіркіге тәуелді әйелдің екінші қызы. Ол өмірге келгенде ақыл-есі мен физикалық дамуында ақау болған. Диана 1,5 жасында интернатқа түскен себебі анасын есірткі сатумен айналысқаны үшін 5 жыл түрмеде отырыпты. Түрмеден шыққан бойда есірткіге тәуелді әйел Диананы интернаттан, ал үлкен қызын күйеуінің туыстарының үйінен алып кеткен. Әйел өзінің жатақханадағы бөлмесін қайтарып алуды көздеп қыздарын өз қолына алған. Бірнеше айдан кейін, 2011 жылы елімізде туған әжесі өзінің немересін таяқпен аяусыз соққыға жыққан деген ақпарат тараған болатын. Алматы қаласындағы №1 ауруханасының бас дәрігерінің көмекшісі Николай Дьяченко сол кезде қызға операция жасағанын мәлімдеген. Диананың бас сүйегіне зақым келіп, иық сүйегі сынған, ішінен қан кеткен. Диананы операция дайындап оған гипс салады, гематоманы (ұйыған қанды) алып тастайды.

2018 жылдың 3-ші тамында Дина Смаиловаға осы оқиғаның жалғасы ретінде Қапшағай қаласынан хат келеді. Бұл хатты Дина Смаиловаға Диананы өз қамқорлығына алғысы келген Надежда есімді әйел жазған.

Ол осы оқиға туралы естіген бойда Дианаға көмектесу үшін оны іздеген. 2017 жылы ғана қызды сенім хат арқылы өз қамқорлығына алады. Надежданың Дианадан басқа 2 баласы бар болса да Дианаға өзінің туған қызындай көреді», деп жазады Дина Смаилова.

Ары қарай оқиға желісі түсінікті болуы үшін Надежданың Дина Смаиловаға жазған хатын назарларыңызға ұсынамыз.

2017 жылдың мамыр айында мен есіркіге тәуелді әйелге еш ескертусіз келіп, Диананың жерде батареяның қасында жатқанын көрдім. Ал үлкен қызы керуертте ұйықтап жатыр. Мен анасынан Диананың бетіне не болғанын сұраған кезде ол білмеймін деп жауап берді.

— Ол мектепке барып жүр ме? – Жоқ

— Неге? – Өзі барғысы келмейді.

— Баланың бетіне не болған? – Білмеймін.

Әлгі әйел менің қойған барлық сұрағыма білмеймін деп жауап берді.

Әйелден сенім хат бойынша Диананы өз қамқорлығыма алуды сұрадым. 2017 жылы 17 тамызда жасалған сенімхат менде әлі күнге дейін сақтаулы. Сенім хат арқылы мен Диананы емдеуге, мектепке құжаттарды жинауға, Қазақстандағы басқа қалаларға апара аламын.

Мен мектепке құжаттарды жинап, медициналық тексеруден Диананы өткіздім. Қазір Диананың жасы 14-те болса да ол 3 сыныпқа баруға мәжбүр. Себебі оның анасы лицейде оқып жатқан Диананы үйде қамап ұстаған. Оған Ресейдегі әжесінің үйіне кетіп, сол жақтағы арнайы мектепте оқып жатыр деген жалған анықтама жасатқан. Бірақ оның Диананы Ресейге жіберуге еш құқығы болмады. Себебі оны әжесіне жіберу үшін тергеушілердің тексеруінен өтуі керек болатын себебі кезінде әжесі немересін аяусыз ұрып соққан.

Участкелік полиция Диана тұрған үйге келіп тексерген кезде қызды шкафқа тығып қойыпты. Кейін мен Диананы медициналық тексеруден өткізген кезде дәрігерлер оның қарапайым мектепте білім ала алмайтынын, Диананың мүгедек екенін айтты. Бірнеше рет ем алдық, бір жыл бойы психологтардың тексеруінде болдық.

Диана үнемі сұмдық оқиғаларды бастан өткергенін айтып отыратын. Ол анасының қалай бетінен балғамен ұрғанын, құлағына, құйымшығына зақым келтіргенін айтып берді. Диананың денесінде 80-ге жуық тыртық бар.

Кейін арнайы комиссиядан өткеннен кейін Диананы мектепке қабылдады алайда 3 сыныпты үйден оқитын болды. Диананы мұғалімдер үнемі жақсы оқиды деп мақтап отырады. Қазір апта сайын психологтың қабылдауында боламыз, ол қазір қорқынышты күндерін ақырындап ұмытып, қалыпқа келе бастады.

Бір күні психолог Дианадан «ер адамдар туралы білесің бе?» деген тосын сұрақ қойған кезде, «мен бәрін білемін, мен ер адамдардың жыныстық ағзасын білемін», деп жауап берді. Мен мұны Дианадан алғаш рет естіп, біртүрлі іштей жаман болдым. Психолог маған Дианаға ішкі ойын түгел жазуы үшін арнайы қойын дәптер беруге кеңес берді. Мен психологтың кеңесіне құлақ асып, Дианаға қойын дәптер бердім. Ол әлгі дәптерге бұрын естімеген жайттарды жаза бастады, тіпті оқып отырып денем түршігіп кетті. Кезінде анасы Диананы күштеп педофильдерге 200 бен 6000 теңгеге аралығында «сатқан» екен. Тіпті Диананы педофильдерге беріп оның ақысына картоп та алыпты. Дәптерге ол барлығын ашып жазды. Бірде анасы оны ұрып жатып, қолын сындырған. Қолын сындырғанын түсінген әйел Диананың қолын жапсырмамен үстелге жабыстып, «қозғалма» деп ескерткен. Алайда Диана қолын қозғалтқандықтан қазір қолы қисық болып біткен. Тіпті Диана дәптерге ер адамдардың аттарын сызып көрсетіпті.

Біз бірден Әуезов ауданының Ішкі істер басқармасына бардық. Тергеуді Шарипов деген азамат жүргізді. Бұл 2017 жылдың қазан айында болған оқиға еді. Тергеуші менен Диананың «жынды» емес екендігі туралы анықтаманы талап етіп, бұл Диананың жазғандарына арнайы анықтамасыз сене алмайтынын айтты.

Ал Диана тергеушіні көрген кезде «Мен сізді танимын. Сіз мені анам шкафқа тығып қойған кезде біздің үйге тексеруге келгенсіз. Мен шкафта тыныш отырмасам, анам мені аямай ұратынын айтқан», деді.

Ал тергеуші, Диананы сол кезде көргенде басқаша болғанын, бетіндегі тыртықтардың болмағанын айтты. Қазір Диананың мұрнының, тісінің сау тамтығы қалмаған. Ол мұның барлығын анасы мен «ағалардың» жасағанын айтты.

Диана талай медициналық тексеруден, сараптамалардан өтті. Мен қазір Диананы өз қамқорлығыма алғым келеді, алайда тергеуші бұл іске араласуға еш хақым жоқ екенін айтты. Себебі мен Дианаға ешкім емеспін.

Ал Диананың анасын ата-аналық құқықтан айырмайды, себебі оның тағы екі қызы бар. Үлкен қызы 17 жаста, 14 жасында бала туып қазір күйеуімен тұрып, анасымен бірге сол баласын асырап отыр. Полицияның айтуынша, әлгі әйелді ата-аналық құқықтан айыра алмайды, себебі ол Дианадан басқа қыздарына жақсы қарайды екен. Полиция қызметкерлері Диананы туған анасына беруді талап етіп отыр. Олар Диананы үнемі қадағалауда ұстайтын боламыз дейді. Алайда мен Диананы анасына беруге қорқамын. Диана жай ғана бере салатын мысық немесе ит емес қой. Барлықтарыңызды Диананың тағдыры бей-жай қалдырмайды деп сенемін. Мен Диананы өз қамқорлығыма алғым келеді.

Оқырмандардың арасында Дианаға көмектескісі келетіндер болса редакциямызға хабарласуын сұраймыз:

Кеңсе телефоны: 8-727-354-00-94 немесе 87017082725

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір