• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:06:47
Алматы
+35°

28 Наурыз, 2019 Әлеумет

"Анаң ауырып қалса, оны 35000-ға емдете аласың ба?" Еврейдің сұрақтары

Жақсы елден экономикасы тұрақты болса адамдар неге көшеді? Сонда біздің болашағымыз бұлыңғыр ма? Жақсы өмір тек Еуропада ма?

Болған оқиға ізімен...

Осыдан 7-8 жыл бұрын дипломымды алып, ауылда 35 мыңға мәз болып жұмыс жасап жүрген кезім еді. Біздің ауылдың табиғаты керемет болғандықтан туристер, фотографтар көп келетін. Сондай фотографтардың бірі Алматыдан бізге жиі келуші еді. Басында орыс ұлты деп ойлап жүргенмін, кейін еврей екенін білдім. Жайшылықта олар басқа елде өмір сүргендіктен "евреймін" деп жапанға жар салып айта бермейді. Көбінде "папа юрист, мама врач" деп тіке қойылған сұрақтарға толық жауап бермей, айнылып өтіп кетеді. Өзі өте ауқатты. Қазақстанда IT саласындағы алпауыт копманияның басшысы болды. Сол келген сайын мені әрбір қырымен таңқалдырып отыратын. Байқағаным, өзі фото өнерін жақсы көреді, оның фотоаппараты және тағы басқа да приборлары милион доллар шамасында тұратын. Өзім де аздап фото өнеріне қызыққандықтан 80 мың теңгеге кредитке фотоаппарат сатып алып, өзімше бір пейзаждар түсіретінмін. Содан да болса керек, әлгі еврей менің алыс ауылда тұрып аз айлығыма қарамаста,н кредитке фотоаппарат алып суретке түсіріп жүргеніме риза болып біраз өзіне жақын тартты. Фото өнері де жәй сала емес екен. Жақсы фоталар мыңнан бірі ғана болады дейді. Сол үшін үнемі ол фотоға бірден түсірмей ауа райын, күннің бұлтты болғанын, күннің шығуы мен батуын күтетін. Мен жол көрсетушімін. Басқа кезде отырып шәй ішіп, неше түрлі әңгімелер айтатынбыз. Сондай күндердің бірінде ол менің жеке өмірім мен айлығым туралы сұрап, жағдайымды көріп жаны ашыса керек мені өзінің компаниясына жұмысқа шақырды. Қойылатын талаптарын да айтты. Ең бастысы, бірінші сені оқытам, үйретем, содан соң ғана жұмыс жасайсың деп қызықтырды. Ұсынысы мен үшін керемет болса да, бала күнгі арман: оқысам, әке шешеме көмектессем, туған жерге үлес қоссам деген мақсаттарым есіме оралып, ойланбастан бас тарттым. Ол да аң таң болып қалды. Оған менің өмірім, арман-мақсаттарым, бейшара адамның ойындай көрінгенін бірден ұқтым. Содан өзімді ақтамақ болып "мен үшін ақша маңызды емес, ең бастысы, туған жерімде жұмыс жасап жүрмін" деп риза адамдай кейіп таныттым. Шындығында, расымен бейшара едім. Ол терең бір ойланып алды да, мені көндірмек болып өзінің мысалдарын үйіп төкті. Сөзінің астарына қарасам, менің білімімді, түсінігімді пысқырып тұрған жоқ. Ақыры екеуіміз қызбаланып айтыса бастадық. Айтқанының бәрі дұрыс болса да, мен де қасарысып өз айтқанымнан қайтпадым. Сосын ол өзінің бүр күн бұрын анасы сырқаттанып, сол үшін жәй ғана 1000 доларға дәрі алғанын айтып "ертең сен шешең ауырса дәрісіне сенің айлығың жете ме, сен анаңды 35000-ға емдете аласың ба?" дегенде жаңағы қызбалығым қайтып, не дерімді білмей терең күрсініп қалдым. Расында ондай жағдай орын алса, менің қаржылық мәселем қиын еді. Менің үндемей қалғанымды көріп, ол да асықпай өзінің ақыл кеңестерін айта бастады. "Ең бірінші, білім мәселесі деді сені оқытқандар өздері ақшаға оқығандар сен солардан білім алдың және ол жүйе жалғасын таба береді, қашан тоқтауы әлі белгісіз. Мен сені түсінем, сен қазақсың, өз еліңде көгеріп көктегің келеді, бірақ саған ол мүмкін емес, егер шынайы табысқа қол жеткізгің келсе, Еуропаға бар, онда адам құндылықтары, табысы жақсы бағаланады, өзі білген адамға жол ашық" - деп мені тіптен ойландырып тастады. 

Кейін екуіміз татуласып "бірақ сен мен ұсынған жұмыстан бас тартқаның өкінішті. Біздің компанияға кіргісі келетіндер мыңдап жүр, бірақ мен сені өзім шақырдым, ал сен бас тарттың. Өзің біл!" деп қайтып кетті. 

Мен сол, ауылдағы күйбең тірлігімді істеп жүре бердім, тындырған ісім де шамалы. Ақыры бес жыл жұмыс істеп, ештеңе өзгермейтініне көзім жеткен соң "қош бол, ауыл" деп қалаға тайып тұрдым... Қалада не істеймін, әлгі еврейіме барайын десем, сасық намыс жібермейді. Елдегі кризис барлық салаға әсер етті. Кейін 2 жылдан соң әлгі еврейімнен хабар алмақшы болып шопырына хабарластым. Сөйтсем, ол компаниясын орынбасарына тегін сыйлап, өзі Прага қаласына көшіп кетіпті. Өзім қатты таңқалдым, өйткені жылдық ақша айналымы миллиард болатын компанияны кім тастап кетеді? Бізде солай ғой, ойыма "біреу тартып алған шығар" деген ой сақ ете қалды. Кейін шопырынан сұрасам "ешкім тартып алған жоқ, кризис бізге де әсер етті, клиенттер азайды, жұмыс та азайған соң бастық бар дүниесін жұмысшыларға үлестіріп, компанияны орынбасарына тегін сыйлап кетті" - деді.

Содан ойымды қорытқаным, "Жақсы елден экономикасы тұрақты болса адамдар неге көшеді? Сонда біздің болашағымыз бұлыңғыр ма? Жақсы өмір тек Еуропада ма?" деген сұрақтар жиі мазалайтын болды. Кез келген дамыған мемлекет ең бірінші адамдардың әлеуметтік мәселесін көтереді, эконимаксын тұрақтайды және қорғаныс қабілетін күшейтеді. Ойлап қарасам, қазіргі біздегі асыра сілтеу, көз бояушылық, бір адамды шамадан тыс мақтай беру жақсылыққа апармасы сөзсіз...

Айбек Заманайдың Facebook парақшасынан алынды

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір