• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:18:48
Алматы
+35°

13 Желтоқсан, 2016 NEWS

«Анаға апарар жол» тарихи драмасы телеарналардан көрсетілетін болады

«Анаға апарар жол» фильмінің бас продюсері Әлия Назарбаеваның жетекшілігі арқасында тарихи драманың прокаты отандық кинотеатрларда сәтті өтті. Енді...

«Анаға апарар жол» фильмінің бас продюсері Әлия Назарбаеваның жетекшілігі арқасында тарихи драманың прокаты отандық кинотеатрларда сәтті өтті. Енді туындыны қазақстандықтар 17 және 18 желтоқсанда телеарналардан тамашалай алады.

18 желтоқсан күні сағат 22:10 фильм КТК телеарнасынан көрсетіледі. Ресей, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстан елі тарихи драманы ресейдің орталық арнасы «Первый канал. Бүкіләлемдік желі» және «Время» телеарнасынан желтоқсанның 17 мен 18 күндері көреді.

 

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кинокартина қазақстан кинематографиясындағы бірегей туынды  болып саналады. Режиссер Ақан Сатаевтың идеясын қолдаған Әлия Назарбаева, тарихи драманың кең көлемді қамтитын картина болып шығуына мүмкіндік жасады. Бір ғана қазақ отбасының басына түскен қиындық арқылы 1930 жылдардағы күллі халық тағдыры суреттеледі. Анасынан ажырап қалған бас кейіпкер сұрапыл соғысты көреді. Түрлі қиындықтарға қарамастан өз үйіне оралуға тырысады. 

          «Анаға апарар жол» картинасы халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болды. Ялтада өткен «Евразийский мост» кинофестивальінде фильм Гран-при жеңіп алды. Ең үздік әйел рөлі номинациясы бойынша басты рөлді сомдағын Алтынай Нөгербек үздік деп танылды. Қыркүйек айында Алматыда өткен халықаралық «Евразия» кинофестивальінде Ұлттық кинематографиялық өнер және ғылым академиясының алғашқы «Тұлпар» премиясы табысталды. «Үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша тағы да Алтынай Нөгербек жеңімпаз атанды. «Үздік операторлық жұмыс» номинациясы бойынша фильмнің қоюшы-операторы Хасан Қыдыралиевке тең келер ешкім болмады.

          Сонымен қатар фильмді жасаушылар қазір уақытта туындының Гала-көрсетілімін Түркия астанасы Анкарада жергілікті интеллигенция мен бизнес өкілдеріне ұйымдастыру жұмыстарымен айналысуда. Мұндағы мақсат – түркиялық көрермендерге Қазақстанның тарихы мен мәдениетін тереңрек таныту. Сондықтан желтоқсан айының соңында  ұйымдастырылатын көрсетілім мемлекеттік мерекеге орайластырылып отыр.   

Фильмнің бас продюсері Әлия Назарбаева қазақстан тарихының халықаралық деңгейде танылуына сүбелі үлесін  қосып отыр. Осы ретте «Анаға апарар жол» фильмін кинотеатрлардан көре алмаған қазақстандықтар енді оны телеарнадан тамашалайды:

 

17 желтоқсан Астана уақыты бойынша сағат 15.30 – кабелдік желідегі «Первый канал. Бүкіләлемдік желі» 

17 желтоқсан Астана уақыты бойынша сағат 15.30 – кабельдік желідегі «Время» телеарнасында

18 желтоқсан сағат 22.10 – КТК телеарнасында 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір