• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:10:50
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2019

"Анаға апарар жол" фильмін Америка тамашалайды

Одан бөлек, американдық прокаттан кейін (90  күн өткен соң) бұл фильмді Netflix компаниясының стриминг-платформасы (ағымдағы онлайн көрсетілім) және VOD...

"Анаға апарар жол"фильмі 24-ші мамырдан бастап АҚШ-та кинопрокатқа шығады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Қазақфильм" баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйеніп. 

Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Новый мир" және Sataifilm компанияларымен  бірлесе түсірген "Анаға апарар жол" фильмі Лос-Анджелес (Калифорния штаты), Хартфорд (Коннектикут штаты), Хьюстон (Техас штаты) және Нэшвилл (Теннесси штаты) қалаларындағы кинотеатрларда көрсетіледі.

Одан бөлек, америкалық прокаттан кейін (90  күн өткен соң) бұл фильмді Netflix компаниясының стриминг-платформасы (ағымдағы онлайн көрсетілім) және VOD (сұрату бойынша фильмді көру) сандық таралымы арқылы тамашалауға болады.

Естеріңізге сала кетсек, "Анаға апарар жол" фильмі Қазақстан атынан "Оскар" және "Алтын глобусқа" "Үздік шетел фильмі" аталымында ұсынылған болатын. 

"Анаға апарар жол" фильмінің АҚШ-тағы дистрибьюциясын америкалық World Wide Motion Pictures Corporation компаниясы қолға алған. 1977 жылы негізі қаланған бұл компания көркем,  деректі, қысқаметражды фильмдерді және телевизиялық жобаларды қаржыландырып қана қоймай, оларды өндіріске жіберіп, тіпті прокатқа шығуға көмектеседі. Компанияның әр жылдардағы топ-менеджерлері көптеген кино және телевизиялық жобаларға, "Оскар" және "Эмми" премияларын және басқа да беделді жүлдедерді жеңіп алған жобаларға кеңес беріп, оларға продюсерлік қызмет көрсеткен.

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір