• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:10:29
+35°

09 Сәуір, 2019 Денсаулық

Ана болуға дайындық: жүкті әйелдерге қажет рухани кеңестер

Жүкті әйел босануға тек физикалық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар, рухани жағынан да іштей дайындалып жүргені абзал, тіпті қажет.

Ең әдемі әйел - жүкті әйел. Жүрек астынан кішкентай жүрек пайда болғаннан бастап, әйел адамның ойы да, мінезі де, денсаулығы да түрлі өзгеріске ұшырайды. Тоғыз ай бойы өзіне күтім жасап, ойын таза ұстап, құнарлы тамақтанып, мамандардың кеңестеріне құлақ түріп, сабырлы жүрсе жүктілік кезеңі жеңіл өтіп, ана мен бала аман-есен қауышады деп сенемін. 

Адамнан адам шығу оңай емес, әрине. Толғақ деген бір мезетте 56 сүйектің сынуы дегенді оқығаным бар еді. Әйелдың қырық жаны бар деген де дәл осы толғақтың сипатына сай айтылған сияқты. Ер адам әйел адамдай шыдамды емес. Толғақтың піскен кезіндегі сәттің 10-15 минутының өзіне ешбір ер адам шыдай алмас. Әйел адамның ер адамнан ерекшелігі де осында болса керек. 

Жүкті әйел босануға тек физикалық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар, рухани жағынан да іштей дайындалып жүргені абзал, тіпті қажет.

Ай-күнін күтіп жүрген болашақ аналардың назарына толғақты, босануды жеңілдетуге сәл де болса септігі тиетін мәліметтер ұсынамын.

толғақ

Дәл толғақ қысқанда не істеп, не қойғаныңды білмей қаласың. Сол себепті, жүктілік кезінде пайдасы тиетін жаттығуларды жүктіліктің басынан-ақ арнайы маманнан сұрап, үйреніп, дәрігер рұқсат еткен сәттен бастап жасай берген жөн.

толғақ кезіндегі сүрелер

Тілінде Алласы бар адам ешқашан адаспайды. Жүктілік кезінде анасы қандай болып жүрсе, баласына тікелей әсер етеді. Сондықтан, осындай ерекше кезең кезінде орынсыз әуен, мәнсіз, мағынасыз әндер тыңдағанша, Құран сүрелерін тыңдап, жаттап, айтып жүрген болашақ ана ешнәрседен ұтылмасы анық.

жүкті әйелге керек дұғалар

Дұғаңа, ниетіңе сай сыйыңды алатының белгілі. Ендеше, бойыңа бала біткен күннен бастап, сөзіңе де, ісіңе де мұқият мән беріп, тіліңді түзеп, жоғарыдағы дұғаларды жақсылап тұрып жаттап ал, Болашақ Ана!

Мақпал Сембай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір