• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 17:55:03
Алматы
+35°

03 Қыркүйек, 2018 Спорт

Америкалық промоутер: Головкин мемлекеттік гимнді орындаудан бас тартты

Промоутер Оскар Де Ла Хойя WBC, WBA және IBO бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің командасын сынға алды.

Мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (49-1-2, 34 KO) мүддесін қорғап жүрген промоутер Оскар Де Ла Хойя WBC, WBA және IBO бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің командасын сынға алды.  Себебі промоутердің айтуынша, боксшының командасы жекпе-жек алдында мемлекеттік гимнді орындаудан бас тартқан көрінеді. Бұл туралы Boxing News and Views порталы жазды.

Алайда Де Ла Хойи бұдан артық ақпарат бермеген.

«Тыңда, бұл ақымақтық. Олар өз мемлекетін қолдамай ма? Головкиннің адамдары жекпе-жек алдында гимннің қосылғанын қаламайды. Чемпиондық жекпе-жектер алдында гимнді орындау -нағыз керек рәсім. Гимнді орындау арқылы өзіңнің үлкен шараның бір бөлігі екеніңді түсінесің.

Головкиннің адамдары Қазақстан, Мексика және АҚШ гимндерінің орындалғанын қаламайды. Тағы қандай талаптары шығар екен? Құдай-ай, жекпе-жектің болғанын да қаламайтын шығар. Жай ғана күрес, болды», - деп мәлімдеген Де Ла Хойя.

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварестің 2018 жылдың 5 мамырына жоспарланған жекпе-жегі өтпей қалған еді. Себебі мексикалық боксшы допинг дауына ұшырады.

Бірнеше ай бойы екі тарап келісімге келіп, жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында 15 қыркүйек өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір