• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 20:15:10
Алматы
+35°

02 Сәуір, 2017 NEWS

Америкалық ақын әрі музыкант Боб Диланға Нобель сыйлығы табысталды

Стокгольмде 1 сәуірдің кешкі уақытында америкалық ақын әрі музыкант Боб Диланға Нобель сыйлығы тапсырылды. Нобель сыйлығымен қоса алтын медаль табысталды....

Стокгольмде 1 сәуірдің кешкі уақытында америкалық ақын әрі музыкант Боб Диланға Нобель сыйлығы тапсырылды. Нобель сыйлығымен қоса алтын медаль табысталды. Музыканттың қалауы бойынша марапаттау рәсімі БАҚ өкілдерінсіз тек камераға түсіру арқылы өткен, деп хабарлайды ТАСС.

Осы сыйлықтың $909 мың ақшалай жүлдесін алу үшін Боб Дилан Нобель иегерінің дәстүрлі дәрісін биылғы маусымның 10-ынан кешіктірмей оқуы тиіс.

Нобель сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысып шыққаннан кейін сенбі күні кешке Дилан Стокгольмде өнер көрсеткен. Бұған дейін музыкант еуропалық турын сәуірдің 1-і мен 2-і күндері Швеция астанасындағы концерттік қойылымдармен бастайтыны хабарланған еді.

Өткен жылы Швед академиясы әдебиет бойынша 2016 жылғы Нобель сыйлығын Боб Диланға «америкалық ұлы ән дәстүрінде жаңа поэтикалық тіркестер тудырғаны үшін» берген. Алайда, Дилан белгілі бір себептермен былтыр желтоқсанның 10-ы күні Нобель сыйлығы иегерлерін ресми марапаттау рәсіміне келмей қалған еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір