• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:57:16
Алматы
+35°

12 Қазан, 2017 NEWS

Амбулаторлық тегін таратылатын дәрі-дәрмектің тізімі кеңейтіледі

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан дәрі-дәрмектердің қымбаттауына қарсы күрес шаралары жүйелі түрде жүргізілуде

Биыл экономикалық тиімді дәрі-дәрмектердің есебінен тегін амбулаторлық қамсыздандыру үшін дәрілердің тізімі кеңейтілді және қайта қаралды. Мысалы, жұқпалы С гепатитін емдеу үшін қымбат және тиімділігі төмен пегилировтік (60%) интерферонды терапиясы анағұрлым тиімді (98%) тізбесіне ауыстырылды. Осылайша бюджетті сақтай отырып, дерттен айығушылардың санын 500-ден 8000-ға дейін арттыра алады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Сонымен қатар, фармацевтика саласындағы нысандарды тексеру кезінде  орталық аппараттың фарма тексерушілерінің қатысуы бақылауға алынады. Бұл іс-шара министрлік тарапынан жемқорлықты алдын алу мақсатында жүргізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова мәлімдеді.

- Еліміздегі дәрілік заттарды қамтамасыз ету саласындағы барлық реформалар  Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде құрылған. Барлық тізімдерді реттеу жүйелі тәсілде өтеді,- деді Людмила Бюрабекова.

Бүгінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан дәрі-дәрмектердің қымбаттауына қарсы күрес шаралары жүйелі түрде жүргізілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір