25Қыркүйек

Алжирлік әдебиеттанушы Ердоғанға ашық хат жолдады

Алжирлік әдебиеттанушы  Ердоғанға ашық хат жолдады
Ⓒqamshy.kz

«Дінді саудаға салу арқылы біздің сыртымыздан халифалық етуді армандайсыз»

Түркия президенті әрі АҚ партия басшысы Р.Т. Ердоғанның Алжирге жасайтын іссапары қарсаңында дүниежүзіне танымал алжирлік әдебиеттанушы Камел Дауд Ердоғанға ашық хат жолдады. Ердоғанды қатал сынға алған «Huffington Post» басылымында жарық көрген жазба әлеуметтік желіде кеңінен талқыға түсті. Негізгі мамандығы журналист К.Даудтың қаламынан шыққан романдары әлемнің 20 тіліне аударылған және жазушы 2014 жылы өте беделді Гункуров әдеби сыйлығын жеңіп алған. Міне, сол Даудтың «Huffington Post»-та жариялаған жазбасының аудармасы.   

Ердоғанға ашық хат

Ердоған, сіздің кесіріңізден темір торға тоғытылғандардың, зорлық-зомбылық көргендердің және ажалмен қауышқандардың атынан өзіңізге айтарым — елімізге қош келмедіңіз! Жо-жоқ, Ердоған, сіздің Алжирге келгеніңізді ешкім қаламайды...

Біз бұдан бұрын да елімізде өз халифалығын орнатқысы келгендердің кесірінен қан төгіп, көз жасымызға булықтық. Өз пікірлерін біздің жанымыздан да артық көрген, балаларымызды құлдыққа алған, рухымыз бен бар үмітімізді бізден ұрлағандарға жем болдық.

Сіздің мына өмірдегі тірегіңізге айналған «исламшылдық» біздің қайғымызға айналды. Сіз біздің есімізге сол күндерді саласыз. Сіз өзіңіздің «Ұлы үкіметіңіздің» алдында тізе бүгуімізді қалағандарды тек қанаттандырып қана қоймайсыз. Сіз  ұлтымыздың барлық құндылықтарының, барлық кереғарлығының болашақтағы үлгісін салудасыз. Азаттық деген қасиетті жек көресіз. Тәуелсіз пікірді жаныңыз сүймейді. Митингтер мен ереуілдерді жақсы көресіз. Дінді саудаға салу арқылы біздің сыртымыздан өзіңізше халифалық етуді армандайсыз.

«МҰСЫЛМАН БАУЫРЛАР» БІЛЕТІН ӘДІСТЕРІ

Бүгін еліміздегі исламшыл партияларға қолдау көрсете отырып, оларға қол астыңыздағы фирмалардың есебінен сыйлықтар жасап, ұйымдар құрып, мешіттерімізді бақылауға алу арқылы осы тілегіңізді ақырындап жүзеге асырудасыз. Бір тұстан біздің көрімізді қазып, бір жағынан бізге жәннатты көрсететін «Мұсылман бауырлар» ұйымын құрдыңыз.

Жо-жоқ, аса құрметті Ердоған, сіз күрдтер мен қарсыластарыңызды құрдымға кетіретін ор қазу үстіндесіз, ал біз сіздің бізге көмек қолын созғыңыз келмейтінін, автономиялық құқығымыздың басым болуын қаламайтыныңызды жақсы білеміз.

Таяу Шығыста жендеттеріңізбен небір келісімшарттарға қол қойып жүрсіз. Біздің абыройымызды емес, өзіңіздің халифа мәртебесін алу арманыңыздың жүзеге асуын ғана ойлайсыз. Зұлымдықтарыңызды, жойып-жаныштау жоспарларыңызды, күн өткен сайын жазықсыздармен толығып жатқан жан түршіктірерлік түрмелеріңізді, Сарайыңыздың құзырындағы үкімдеріңізді, ұждансыздығыңызды және мақтаншақтығыңызды естен шығару мүмкін емес.

Осман үстемдігіне деген еліктеушілік

Сіз адамгершілікті емес, Осман империясының ең нашар әрі қандықол мысалын жүзеге асыруды армандаудасыз. Ислам діні сіз үшін жай ғана бір саты. Тәңір жолы сіз үшін саудамен тең. Заманауилықтың қас дұшпанысыз. Палестина сіз үшін тек қана бір зат. Исламшылар болса сіздің жағымпаз, жәдігөйлеріңіз.

Тарих сізді билікті қолдан шығармау үшін жасаған қиянаттарыңызбен, көзбояушылық әрекеттеріңізбен, жасанды ұйымдарыңызбен, халқыңызға көрсеткен зұлымдықтарыңызбен, төккен қандарыңызбен еске алатын болады.

Тарих сізді жарылыс заттарыңызбен, соғыстарыңызбен, халқыңмен диалог жасауға деген қабілетсіздігіңізбен, өзіңіз бен өзіңіздің тұлғалығыңыздан өзге ешкімнің құқығын мойындамағаныңызбен еске алатын болады. БҰҰ-дағы Йерусалим ісін өзіңіздің сауда өнімдеріңізге аудардыңыз. Ал Палестина ісі сіз үшін саудаңызды жасау барысындағы көмекші бір құрал. Сіз жығылғандарды жұдырықтауды өте жақсы меңгергенсіз.

Біз, Алжирде өзін Тәңір санаған және қалаған адамдарына өмір сүру құқығын беріп, қаламағандарын сондай құқықтарынан шектегендерген көресіні көргенбіз. Міне, солар ғана сіздің Алжирге жасаған сапарыңызға қол шапалақтап қуануда. Біз олай қуана алмаймыз. Сіз алжирлік исламшылар мен арзан беделге құмарлардың идалысыз. Олар халифалығыңызды құптамастан билік басына келудің мүмкін екенін білмейтіндер, тіпті оны армандай алмайтындар.

Біз елімізді азат ел ретінде көргіміз келеді және солай армандаймыз. Бүгінге дейін сол азаттығымызға қол сұғылса да, мәртебелі бір ел болуды армандаймыз. Сіз бұлай армандамайсыз да, оларға құндылық ретінде қарамайсыз.

«СІЗ ТЕК ҚАНА БІР ЕЛЕССІЗ»

Даңқты Түркияны өз жақтастарыңыз, туыс-тумаларыңыз және отбасыңыз үшін базарлы елге айналдырсаңыз, ал қарсыластарыңыз үшін нағыз абақты еттіңіз. Осы бір түрік халқы сіздің қолыңыздан басыбүтін құтылар деген үміттеміз. Жазықсыздар, зорлық-зомбылыққа ұшырағандар, жарылыс заттарынан көз ашпаған балалар осы бір ауыр күндерді әлі-ақ артқа тастар. Сіз тек бір елес қанасыз. Мұны өзіңіз де білесіз. Біз де білеміз.

Біздің өзімізді қор сезінуіміз үшін, біз құрметтейтін құндылықтарымыздың тапталуы үшін, сенімдеріміздің сөнуі үшін кереғарлық дәнін егудесіз. Мұның бәрі өзіңізді бір құтқарушы ретінде көрсету үшін керек екені белгілі. Әйтпесе, алдымен өз еліңіз үшін, содан кейін көрші мемлекеттер үшін сіз нағыз бір көр қазушы кәззапсыз. Түркия сіз үшін ешқандай қайтарымы жоқ, төбеден түскендей бір олжа, мұғжиза. Алайда Түркия осы мұғжиза үшін осы халықтың қайта жандануына жол ашқан және беделге қол жеткізуіне себеп болған азат рухты әйелдер мен ер-азаматтарға қарыздар. Мәселен, өмір бойына бас бостандығынан айырған Ахмет Алтан сияқтылардың алдында борыштар.

Өзге де исламшылар сияқты басқаларының жеткен жеңісін өзіңіздікі етіп көрсетуге құмарсыз. Төңкерістердің одан сайын жиілеуін күтудесіз және уақыты келгенде өзіңіз Тәңірдің маңдайына жазып берген халифасы болып шыға келгіңіз келеді. Сіздің атаққұмарлығыңыз осы бір ғажайып елдің көп нәрседен қол үзуіне кесірін тигізеді. Сонда сіздің уағыздарыңыз жасаған күнәларыңызды жасырып-жабуға жетпес. Біздің исламшыларымыз бен арзан атаққұмарларымыз «ақша-пірлерінен» айырылғаннан кейін сізді ақша толы әмиян, яғни бір батпан құйрық ретінде көретін болады. Алайда, олардың біздің қатарымыздан емес екендігін ұмытпаңыз. Олар сізді өздеріне идеал тұтатын тобырларыңыздың арасындағылар.

«ҚОЛЫН ҚАНҒА БЫЛҒАҒАНДАРҒА ЕМЕС, НАҒЫЗ ДОСТАРҒА МҰҚТАЖБЫЗ»

Тарих сіз себеп болған ажал құшқан жандар мен жазықсыздарды, зұлымдықтарыңызды, жемқорлықтарыңызды, соғыс ұшақтарыңызды, Сарайыңыздың құзырындағы әділет сарайларыңызды ұмытпас. Сіз тарихта Осман империясының батыр қолбасшысы сияқты, Барбарос сияқты еске алынбайсыз.

Біз мықты, тәуелсіз және ар-ожданының алдында өзін жауапты сезінетін бір мемлекет болуды армандаймыз. Өзгешеліктерді қабылдайтын, түрлі дін және сенімдерге құрметпен қарайтын, көпшіл және барлық жанның бақытты болу талпыныстарына құрмет көрсететін Алжирді армандаймыз.

Біз сіз секілді қолын қанға былғаған жандарға емес, нағыз достар мен одақтастарға мұқтажбыз. Сіздің зұлымдық әрекеттеріңізге бұл жерде орын жоқ. Біздің еліміздегі тыңшыларыңыздың да келешегі жоқ, күндері бір тұтам. Сіз бұрынғы отарлаушылар секілді тек қана жаулап алып жатқандай сезіммен өмір сүретін боласыз.

Тәржімалаған Айдын МАНАП

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Алматының орталық бөлігіндегі көшелер қайта жаңғырады
    24/09 17:28 0 1912
    2
    "Жомарт Ертаев отбасыңмен бірге бауыздап тастаймын деп қорқытты" - Евгений Пак
    24/09 15:51 0 1540
    3
    Альварес Головкиннің жеңісін мойындады
    24/09 15:12 0 4504
    9 қабаттан секірмекші болған астаналық аман қалды
    24/09 14:49 0 702
    Алматы мектептерінде Ерлік сабағы өткізілуде
    24/09 14:40 0 1060

    Таныстырылғандар

    Айнаны қойып, дөңгелек ұрлауға көшті
    Айнаны қойып, дөңгелек ұрлауға көшті
    Айнаны қойып, дөңгелек ұрлауға көшті
    Үш ер адам Hyundai Accent маркалы көлікпен қашқан.
    28/08/2018 17:05 0 1741
    Баланы тұншықтырған безбүйрек әйел 3 жылдан кейін қайтадан тәрбиеші бола алады
    Баланы тұншықтырған безбүйрек әйел 3 жылдан кейін қайтадан тәрбиеші бола алады
    Баланы тұншықтырған безбүйрек әйел 3 жылдан кейін қайтадан тәрбиеші бола алады
    1) 300 айлық көрсеткіші көлеміндегі айыппұл; 2)240 сағаттық қоғамдық жұмыс; 3)72 тәулікке темір торға қамалу
    28/08/2018 17:37 0 6376
    Арыстанбек Мұхамедиұлы: Тазыларды қорлағандар жазаланатын болады
    Арыстанбек Мұхамедиұлы: Тазыларды қорлағандар жазаланатын болады
    Арыстанбек Мұхамедиұлы: Тазыларды қорлағандар жазаланатын болады
    Жануарларға мұндай қарым-қатынасқа жол бермеуіміз керек.
    29/08/2018 10:02 0 1714
    Тікелей эфирде әнұранды естіген журналистер қосыла шырқай жөнелді (видео)
    Тікелей эфирде әнұранды естіген журналистер қосыла шырқай жөнелді (видео)
    Тікелей эфирде әнұранды естіген журналистер қосыла шырқай жөнелді (видео)
    Азиада чемпиондарын марапаттау рәсімінің ашылуында Atameken TV журналистері тікелей эфирде әнұран айтты.
    07/09/2018 12:26 0 922
    Бір стақан су– 40 000 теңге!
    Бір стақан су– 40 000 теңге!
    Бір стақан су– 40 000 теңге!
    Дұрысы, шипажай сыртына «Сарыағаштағыдай» крантпен сылдырата шүмек шығарып, әлеуметтік жағдайы төмен адамдардың бірер тиын тастап су ішіп кетуіне жағдай жасау.
    07/09/2018 14:12 1 1875
    Түркістан облысында атыс болып, бір адам қайтыс болды
    Түркістан облысында атыс болып, бір адам қайтыс болды
    Түркістан облысында атыс болып, бір адам қайтыс болды
    Оқиға орнына жеткен полицейлер тұтынушыларын бөлісе алмағандары үшін сөзге келіп, соңы атысқа дейін ұласқанын анықтады.
    10/09/2018 10:04 0 1263
    Амандық мырза, ауылыңызды кім тонап жүр?
    Амандық мырза, ауылыңызды кім тонап жүр?
    Амандық мырза, ауылыңызды кім тонап жүр?
    Міне, бұл сұрақтардың жауабын басқа емес, облыс әкімі Амандық Баталов беруі керек деп ойлаймыз.
    13/09/2018 11:37 0 2208
    "Макс Боқаевты жайына қалдырыңыздар!"
    "Макс Боқаевты жайына қалдырыңыздар!"
    "Макс Боқаевты жайына қалдырыңыздар!"
    Талғат Аян Макс Боқаевқа ескерту беріп, жаза қолданатын болса, оның бостандыққа шығу уақыты алыстап, 6 айға СУС-қа қамалатынын жазған.
    14/09/2018 10:44 0 835
    Міне, нағыз махаббат! Комадағы жарына 35 жыл қамқор болған әйелдің оқиғасы
    Міне, нағыз махаббат! Комадағы жарына 35 жыл қамқор болған әйелдің оқиғасы
    Міне, нағыз махаббат! Комадағы жарына 35 жыл қамқор болған әйелдің оқиғасы
    35 жыл бойы тек бір арманмен өмір сүріп келемін, ең болмағанда 5 минутқа оянса екен.
    14/09/2018 13:35 0 5114
    Жақсы жігіт пен жақсы ат көптікі
    Жақсы жігіт пен жақсы ат көптікі
    Жақсы жігіт пен жақсы ат көптікі
    Себебі ол да атқұмар, қазақы мінезді жан екен, жанары жайнап қоя берді, өзінің жақсы көретін көк жорғасы бар екенін де жасырған жоқ.
    14/09/2018 14:56 0 1303
    Алма жеген әкім "жұмақтан" қуылмаймын десе, біздің кеңеске құлақ түрсін
    Алма жеген әкім "жұмақтан" қуылмаймын десе, біздің кеңеске құлақ түрсін
    Алма жеген әкім "жұмақтан" қуылмаймын десе, біздің кеңеске құлақ түрсін
    Халыққа өзгеріс аса қажет уақытта біздің әкім-қаралар бір пакет алма сатып алудан ары аса алмай отыр.
    17/09/2018 13:27 0 1399
    Көлік пен жылқы соқтығысқан жол апатында 14 жастағы қыз қаза тапты
    Көлік пен жылқы соқтығысқан жол апатында 14 жастағы қыз қаза тапты
    Көлік пен жылқы соқтығысқан жол апатында 14 жастағы қыз қаза тапты
    Тас жолына үш бірдей жылқыны айдаған ер адам оқиға орнынан қашып кетіпті.
    21/09/2018 10:18 0 1388
    Мектеп оқушылары сал ауруына шалдыққан 5-сынып оқушысын өртеп жіберді
    Мектеп оқушылары сал ауруына шалдыққан 5-сынып оқушысын өртеп жіберді
    Мектеп оқушылары сал ауруына шалдыққан 5-сынып оқушысын өртеп жіберді
    Санкт-Петербор қаласындағы Приморский ауданында жеткіншектер №246 мектептің 5-сыныбында оқитын мүгедек баланың үстіне жанармай құйып, оны өртеп жіберген
    23/09/2018 16:11 0 1614
    Күдіктіні адым аштырмай құрықтады
    Күдіктіні адым аштырмай құрықтады
    Күдіктіні адым аштырмай құрықтады
    Жан ұшыра шыққан жайсыз дауыс көше бойындағы кафелердің бірінен шыққан болатын.
    24/09/2018 11:27 0 1761
    9 қабаттан секірмекші болған астаналық аман қалды
    9 қабаттан секірмекші болған астаналық аман қалды
    9 қабаттан секірмекші болған астаналық аман қалды
    Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы 9 қабатты тұрғын үйдің терезесінде отырған ер адамды байқайды.
    24/09/2018 14:49 0 702