• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:15:43
Алматы
+35°

11 Ақпан, 2018 Әлеумет

Әлия Назарбаева: Мен қызымнан өмірімде алғаш рет кешірім сұрадым (видео)

Үлкен қызыммен әңгіме болды. Мен одан өмірімде алғаш рет кешірім сұрадым. Мен: «Қызым, ана да қателеседі. Кешірші мені, өтінемін», деп айттым.

Әлия Назарбаева «Ұстазды іздеу» деректі фильмінде өз балаларымен қарым-қатынасы туралы әңгімелеп берді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл фильм Youtube каналында пайда болды. 

Әлия Назарбаеваның ойынша ұстаздың ең құрметті тұлға болуы аса маңызды. 

«Әйтпесе, берген білімі бір басқа, үйге келіп жасаған әрекеті бір басқа болуы мүмкін. Балалар мұны сезеді және сол үшін тыңдамайтын болады. Ал егер, ұстаздың ойы мен әрекеті бір болса, ондай ұстаз сүйікті болып, олар пәнді жақсы көріп, қалайтын (оқуды - Авт.) болады. Айтады ғой, сүйікті пәндер дегеніміз, сүйікті педагог, мұғалім, ұстаз бар жерде деп», - деді Назарбаева.

Кейін Әлия Назарбаева өзінің үлкен қызынан алғаш рет кешірім сұрағанын айтты. 

«Үлкен қызыммен әңгіме болды. Мен қызымнан өмірімде алғаш рет кешірім сұрадым. Мен: «Қызым, ана да қателеседі. Кешірші мені, өтінемін», деп айттым. Екеуміз де жыладық. Мен де, ол да жылады. Осыдан кейін ішімде бір нәрсе өзгергендей болды. Біздің қарым-қатынасымыз одан сайын жақындай түсті. Мен қызыма, егер мен дұрыс айтпасам немесе кіші інілеріңе, сіңлілеріңе қатысты дұрыс әрекет жасамасам, сен де маған кеңес бер дедім. Саған, сырт көзге жақсы байқалады ғой. Бірге тырысып көрейік. Енді мен де жақсы ана болуды үйреніп жүрмін. Меніңше, бұл тамаша процесс, ол өте терең, ішкі сезім. Сен ішкі сезімді сезінген кезде өзгере бастайсың және сені қоршаған әлем, өз жақындарыңнан бастап жақсы жағына қарай өзгеретін болады», - дейді Әлия Назарбаева.  

Деректі фильмде 2013 жылдан бері елімізде Марина Таргакованың басшылығымен Гуманистік педагогика орталығының жұмыс істеп жатқаны және 2018 жылы Астанада Әлия Назарбаеваның қолдауымен Гуманистік педагогика мектебі ашылатыны айтылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір