• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:50:00
Алматы
+35°

06 Маусым, 2017 NEWS

Алимент төлемегендерге жаза күшейтіледі

Алимент төлемесеңіз абақтыға қамалуыңыз мүмкін. Қызылордалық сот орындаушылар борышкерлермен күресті күшейтіп отыр. Сан сылтау айтып, баласына алимент төлемей...

Алимент төлемесеңіз абақтыға қамалуыңыз мүмкін. Қызылордалық сот орындаушылар борышкерлермен күресті күшейтіп отыр. Сан сылтау айтып, баласына алимент төлемей жүргендерден мәжбүрлі түрде өндіріп алу мақсатындағы рейд жиіледі, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.  

Кезекті іздестіру шарасында заң қызметкерлері тиісті төлемнен бас тартқан қала тұрғынының үйіне барып, теледидар мен су тазартқыш құрылғысын тәркіледі. Тұрақты мекенжайын жасырып, қашып-пысып жүрген азаматтарды табуға көші-қон полиция қызметкерлері де атсалысып жатыр. Қазіргі таңда әділет органдары мамандарының өндірісінде 5 мыңға жуық іс қаралу үстінде.

Басты мақсат – борышкердің дүние-мүлкін тартып алу емес, тірі жетім қалған шарасыз балалардың заңды құқықтарын қорғау. Егер бала алдындағы берешек 3 айдан асса, әкімшілік шара қолданылады. Заң талаптарына бағынбағандар қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін.

Әлия Айбосынова, қалалық алимент төлемдерін өндіру бойынша аумақтық филиал басшысы: -Жыл басынан бастап 120 ұсыныс енгізілді. Олар қазір қаралып жатыр. Оның ішінде 17 борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар борышкерлерге қатысты тиісті алиментін төлемеген жағдайда жүргізушілік куәлігінен айыру жөнінде де сотқа ұсыныстар енгізілуде.


Шолушы : Айгерім Таубай
 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір